Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылорда облысындағы ауыл тұрғындары құрамында сынабы бар су ішіп отыр

AstanaTV
14.08.2019ж. 20:00
3195
Қызылорда облысындағы ауыл тұрғындары құрамында сынабы бар су ішіп отыр

Қызылорда облысындағы ауыл тұрғындары құрамында сынабы бар су ішіп отыр. Жергілікті халық әлі күнге дейін Кеңес кезінде салынған ұңғыманы пайдаланып келеді. Оның өзін алу үшін сағаттап кезекке тұруға мәжбүр. Ауыз су уақытпен ғана беріледі. Шиелі ауданындағы шиеленісті жағдайды партиялық комиссия бақылауға алды. 

- Бұл ауылда кешегі Совет үкіметі кезінде қазылған скважинадан ішіп жатырмыз біз. Одан бері 30 жыл болды. Сонда айтқан: мынанын сынабы көп, экспертиза жасаған. Соны ішіп жатырмыз қазір біз. 

Бұл күндері Сұлтөбе тұрғындарына су тәулігіне 4 сағат қана беріледі. Ауылдың жанында жаңа ұңғыма салынып жатыр. Бірақ құрылыс жұмыстарында қарқын жоқ. Тек құбырдың оры ғана қазылған. Учаскіде бірнеше жұмысшы ғана жүр. Мердігер компания басшылығы мүлдем көрінбейді. Ұзындығы 20 шақырымды құрайтын су құбырының құрылысында бірқатар олқылықтар бар.  

Жорабек НҰРЫМБЕТОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Маман ретінде көргенім, бізде бір нәрсе бар. Бірінші, ол сол су беретін негізгі скважина мен водозабордан бастау керек. Қазір водопроводтан бастаған. Жер асты сулардын құрамы өзгеріп жатқаны рас. Бірақ енді ол жерде дәл осындай қауіп жоқ сияқты.

Шиелідегі тағы бір ауылда жалға берілетін баспана құрылысы бітпей жатыр. Бюджеттен 215 миллион теңге бөлінген. Жоспар бойынша кенттегі үш қабатты үй жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. Бірақ мердігерлер қаржының жетіспеуіне байланысты баспана құрылысы созылып кеткенін айтады.  

Темірхан ТЕМІРҚҰЛОВ, «СМП ҚЫЗЫЛОРДА» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Биылға қаралғаны соның 100 миллионы. Бірақ енді біз құрылыс жұмыстарын биыл осы 3 этажды толық аяқтап, төбесін шатырын жауып қоюды жоспарлап отырмыз. Өз қаражаттарымызбен. Енді қазір аудан әкімі осы үйді биыл бітіруге қосымша қалған қаражатын облыстын бюджетінен сұраймыз деп осыған жұмыс жасап жатыр. Енді қаржысы толық қаралса биыл, Құдай қаласа, жаңа жылға тапсыруға толық мүмкіншілігіміз бар.

Аида ӘБИБҰЛЛАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Осы құрылыстың коммуникацияларын ыждағаттап тексердік, көрдік. Коммуникациялары бар екен, дайын екен. Алайда атқарушы органдар тарапынан бұл объектінің толықтай бюджеты, қаражаты толықтай шешілмеген екен. Осыған біз партиялық бақылау комиссиясы тарапынан ұсыныс бермекшіміз, осы ұсыныс шешілсе, бұл жоба өзінің қажетті деңгейіне жетеді деп ойлаймыз.

Жоспарға сәйкес ауылда барлығы бес көпқабатты үй салынуы тиіс. Оған жүзге тарта аз қамтылған отбасы қоныстанады. Бұл мәселе партиялықтар бақылауында болмақ.  

З. Санай