Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сотталғандарды жәбірледі деп айыпталған 7 адам қамауға алынды

AstanaTV
15.08.2019ж. 20:00
2119
Сотталғандарды жәбірледі деп айыпталған 7 адам қамауға алынды

Алматы облысында түрме қызметкерлерінің өзі темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Заречный колониясында жазасын өтеушілерді азаптағаны үшін 7 адам қамауға алынды. Ал абақты бастығы мен Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметтерінен босатылды. Бас-аяғы 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылған. Сондай-ақ, колония басшысының екі орынбасары мен 7 қызметкер ішкі істер органдарынан қуылды.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар, Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу шеңберінде 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Бұған дейін ғаламторда түрме қызметкерлерінің сотталушыларды жәбірлеп жатқан бейнекадрлар тараған еді. Онда форма киген қызметкерлер бір адамды аяғын жерге тигізбей іліп қойып, басынан теуіп жатқаны байқалады.

Д. Қайыртай