Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қытай кәсіпкерлері Шығыс Қазақстаннан ет сатып алмақ

AstanaTV
19.08.2019ж. 20:00
3276
Қытай кәсіпкерлері Шығыс Қазақстаннан ет сатып алмақ

Қытай кәсіпкерлері шығысқазақстандық шаруалардан ай сайын 10 мың тонна ет экспортамақ. Енді фермерлер сұранысты өтеу үшін малды бордақылау әдістерін жаңартпақшы. Тілші толықтырады.

Мұнда малды жемдеп қана қоймайды, жел өтінен қорғап, күйзеліске ұшырамауын да қадағалайды. «Елімай» шаруа қожалығының иесі Болат Бекбердинов мұны шетелден үйреніп келген. Ірі қара осылайша тез семіреді,- дейді.

Болат БЕКБЕРДИНОВ, «ЕЛІМАЙ-КӨКПЕКТІ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: 

Мен осы іспен айналысу үшін бірқатар елді араладым. Америка, Канада мен Еуропа елдерінде де 11 шартты ұстанады. Сол жүйені осы қожалықтың жұмысына да енгіздік.

Малды мұнда кішігірім қожалықтар әкеліп өткізеді. 9 ай бордақыланған соң, сойылып, сыртқа саудаланады. Қытай кәсіпкерлері мұндағы сиыр етіне қызығушылық білдіріп отыр. Тіпті, ай сайын 10 мың тонна сатып алуға ниетті. Енді шаруа қожалығы өндіріс көлемін ұлғайтып, халықаралық зертхана ашуы керек.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Зертхана іске қосыла салысымен, қытай кәсіпкерлері бізден сиыр етін сатып ала бастайды. Біз алдымен өнімді солардың стандартына сәйкестендіруіміз керек.

Көкпекті ауданында ауыл шаруашылығы бір жолға қойылып, жаңа жұмыс орындары ашыла бастағалы жастар ауылға келуге ынта танытып келеді. Нина Шайдулова - реаниматолог-дәрігер. Оқуын аяқтаған соң аудандық ауруханаға жұмысқа тұрған. Міне, жарты жыл өткен соң екі бөлмелі пәтерге де ие болды.

Нина ШАЙДУЛОВА, РЕАНИМАТОЛОГ-ДӘРІГЕР:

Ата-анамды осында көшіріп әкелем. Ал жаңа жылға қарсы қоныс тойын тойлаймын.

Дәл осы күні Нинамен бірге 16 жас маман мен еңбек ардагері пәтер кілтін алды. Ал 34 үйге көп балалы отбасы көшіп кірді.

Д. Қайыртай