Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Астана» телеарнасы жаңа маусымға сүйікті телехикаяның екінші маусымын ұсынбақ

AstanaTV
20.08.2019ж. 20:00
2175
«Астана» телеарнасы жаңа маусымға сүйікті телехикаяның екінші маусымын ұсынбақ

Жаңа маусымда-жаңа кейіпкерлер! Астана теларнасы көрермен көзайымына айналған «Жүрек сыры» телесериалының екінші маусымын түсіріп жатыр. Махаббат, отбасылық құндылық, жақынан айрылу жаңа хикаяда шиеленісе түспек. Телехикая ұжымы бұл туындыны жол-көлік апатынан қаза болған актриса Шолпан Елгезекова рухына арнамақшы. 

"Жүрек сыры" алғаш экранға шығысымен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сериалдағы кейіпкерлерден бөлек, туындының мазмұны халықтың жүрегінен үлкен орын алған еді. Сол себепті, режиссер сериалдың екінші маусымын түсіруді жөн көріпті. 

Айдын САМАХАН, «ЖҮРЕК СЫРЫ» ТЕЛЕСЕРИАЛЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ:

Актерлік құрам өзгерілмеді оған тек толықтырулар енгізілді. Бір-екі жас әртістерісіз сонымен қатар елге танымал апайларымыз ағайларымыз бар. Сериалар саны қысқа болғанымен тарихы өте қызықты болады деген үміттеміз.

Қазір түсіру алаңында екінші маусымның соңғы кадрлері пысықталуда. Әртістердің киімі, образы, тіпті диалогтарына аса мән бергені байқалды. Актерлер арасында елге танымал Асылбек Боранбаев, Шерхан Пірназаровтардан басқа, жас талант иелері де шақырылған.   

Болат ҰЗАҚОВ, АКТЕР:  

Менің кейіпкерім аты Бағдат. Тұрмыстық жағдайы өте жақсы банкир. Бағдаттың баласы ерке өскен, ешқандай торшылықты көрмеген. Сол сериал бойынша бір қиындыққа тап болады

Асылбек БОРАНБАЕВ, АКТЕР:  

Менің кейіпкерім Дулат деген кейіпкер. Жалпы өзінің ісіне мығым. Өмірде қатыгез болғанымен бала - шағасын жұбайын шексіз жақсы көретін жүрегі жұмсақ деп білем.

Туынды авторлары телехикая екінші маусымда да қалың жұрттың көңілінен шығады деп сендіруде. Жаңа хикаяларды «Астана» телеарнасының көрермендері алдағы жаңа маусымда бірінші болып тамашалай алады. 

Ә. Лесбек