Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматы іргесінде қыруар халық қалаға таксимен қатынауға мәжбүр

AstanaTV
20.08.2019ж. 20:00
2363
Алматы іргесінде қыруар халық қалаға таксимен қатынауға мәжбүр

Алматы іргесінде 4 елді мекен қаладан қол үзді. Автобус паркі оларға қызмет көрсетуден бас тартқан. Сондықтан қара халық оқуға, жұмысқа жолай такси ұстап, қыруар қаражат жұмсауға мәжбүр. Олардың арасында көп балалы отбасылар жетерлік. Жүргізушілер Алматы әкімдігі субсидия бөлсе, халықты автобуспен тасуға қарсы емес. Бірақ жергілікті билік мәселені шешуге асығар емес.

Бәйсерке ауылының тұрғындары қоғамдық көлікке зар. Қалаға бару түгелі шағын елді-мекеннің ішінде қатынайтын автобустар жоқтың қасы. Тұрғындар қыста аязда, жазда аптап ыстықта аялдамада сағаттап автобус күтетін көрінеді. Ал оқу жылы басталса, тіпті қиналып қаламыз дейді.

Зухра ҮМБЕТОВА, БӘЙСЕРКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Кейбір ата-аналарда 4-5 баласы бар. Барлығы таксимен 300 теңгеден. Барлығына төлеп апарып қайтасын. 400 теңгемен келетін болсан ол қаншама расход, қаншама шығын.

Жаз басталғалы сұранысқа ие 407 бағытындағы автобус жүруін тоқтатқан. Ауылдықтарды дәл осы қоғамдық көлік қалаға дейін жеткізіп тұрған көрінеді. Ал қазір бірнеше ауылдың тұрғындары жол жағалап, шаһарға бет алған жеңіл көліктерді тоқтатып жүр. Бірақ бұл қалаға жетудің қымбат әдісі.      

- Мына қанша ел бар халық бар. Маршрутный автобус жүріп тұрса жақсы ғой. Халықтың қалтасы көтермейді ғой таксиді. Такси 400 теңге барахолкаға бару үшін  

- Ешқандай жеңілдік жоқ. Осы отырғандардың бәрі байлар емес, қара халық. Ешқандай жағдай, тек әйтеуір бала-шағасын асырап отырған халық. Шынын айту керек, заман солай болып кетті.  

- Біз қалаға жету үшін қазір бір емес бірнеше автобусқа мінуіміз керек. Бәрі де 407-ші бағыттағы автобусты алып тастағандықтан болып отыр.  

Аталған бағыттағы қоғамдық көліктер Алматыдағы автопарк "Киікбай" ЖШС тиісілі. Компания директоры елді мекендерге қатынау тиімді емес деп отыр. Әкімдік субсидияны да проблемаға айналдырған көрінеді.  

Ерсін ҚОБДЫҚБАЕВ, "КИІКБАЙ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:  

«Жолақысы өзін-өзі ақтамайды, сондықтан бағдарды жауып тастадық. Оған субсидия бөлінбейді, мемлекеттен ешқандай көмек жоқ. Автобустар көлікжайда қаңырап тұр, жүргізуші жоқ оны айдайтын. Біз оларға жалақы төлей алмаймыз. Автобус таңертең Алматыдан Дмитриевкаға бос барады, кешкісін кері қарай бос қайтады.

Субсидия күткен бұл серіктестік қана емес. Автокөлік одағындағылар өзге ауылдарға қатынайтын автопарктер банкрот алдында тұрғанын айтты. 

Сәбит АМАНБАЕВ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОТРАНСПОРТ ОДАҒЫ" ЗТБ БАС ДЕРЕКТОРЫ: 

Бірақ субсидиялау атқарылмайды. Сол себептен қазіргі мына қалаға жақын аудандармен байланыс сапасы төмен. Қауіпсіздігі болын. Көлік жағдайы болсын, көліктер әбден тозған. Оларды жаңарту үшін оларды субсидиялау қажет.

Ал қала билігі субсидия бөлуге қатысты мардымды жауап бермей отыр. Олар демеуқаржы тек қала ішінде қатынайтындарға бөлінген. Оның жалпы құны 30 млрд теңгеден астады. Демек жергілікті биліктің қала шетіндегілерде шаруасы болмай тұр. 

Н. Біләл