Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Павлодар облысында күзетшілер ауыл тұрғындарына оқ атты

AstanaTV
20.08.2019ж. 20:00
2169
Павлодар облысында күзетшілер ауыл тұрғындарына оқ атты

Павлодар облысында ауыл тұрғындарына оқ атты. Маралды көлін қорғап жүрген қарулы топ халыққа көл аумағына кіріп кеткені үшін қару кезенген. 5 адам жараланыпты. Оқ неге атылды? Қақтығыстың мән-жайын оқиға орнына барып келген Өзгеріс Қуанар баяндайды.

Жексенбі күні кешкісін басталған қақтығыс Жылыбұлақ ауылының тұрғыны Ілиясты атып кеткеннен басталыпты. Оның айтуынша, кеш қарая малын қайыруға шыққан. Маралды көлінің күзетшілері сол кезде оқ жаудырды деп отыр. Травматикалық қарудан атылған оқ Ілиястың оң жақ кеуде тұсына тиген. Абырой болғанда, оқ сүйекке жетпей, етіне қадалыпты. Оның айтуынша, күзетшілер оны көлден артеммия шаяндарын аулауға келді деп ойлаған.

Ілияс МҰСАЛИМОВ, ЖЫЛЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Мен малымды іздеп жүргем. Сағат 5-6-ға қарай. Барғам «Нива» тұр. Биоресурстың охраниктері тұр маскада. Жақындадым. Көкке атты. Тоқтаңдар, мал көрген жоқсыңдар ма деп сұрамақшы болғам. Упор қойды да атып жіберді. Мына жағыма оң жағыма тиді оқ. 

Дереу оқиға орнынан қашқан тұрғын ауылға келіп жығылыпты. Оны естіген ауыл азаматтары күзетшілермен сөйлесуге барғанда оларға да оқты қарша боратқан көрінеді.

 Сұңғат ҚАРАКЕСЕКОВ, ЖЫЛЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бауырымды атып тастады дегеннен кейін барғам сөйлесуге. Машинамен кеп тоқтаған кезде, амон кеп атқылап, машинаның бәрін соққылап, Ішінен жұлып алып шықты да, арытам кісендеп, УАЗикке апара жатқан бір охраник кеп беттен бруспен соқты.

Қайрат ҚАБЫЛБЕКОВ, ЖЫЛЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жандарына тоқтадық. Полиция сотрудниктері тұрды жандарында. Солардың көзінше қақтығыс ештеңе болмайды деп ойладық та. Өзімізде құр қол бардық. Жай сөйлесуге. Машианадан түсіп. Үлкендерің кім сөйлесейік дегенеге болған жоқ, оқ жаудыра бастады. 

Тұрғындардың сөзінше, бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін де көлді торуылдаған күзетшілер жергілікті халыққа оқ атқан. Оған себеп Маралды көліндегі бағалы артеммия шаяндары. Тұрғындардың айтуынша, оның нарықтағы бір келісі 20 мың теңге. Ал ауылға инвестор келгелі адамдарға жиі шабуыл жасалатынын айтады. Сондықтан сол маңға кеткен төрт түлікті қайыруға жүрексініп қалған.

- Тұздың жанына кетті ма біз бара алмаймыз. Қуып келеді. Сосын қуғанна быт-шыт құрт аулап жатады деп өзімізге жаба салады, атып-атып тастады бәрімізді. Ана жолы балалардың бәрін атып тастады, ұрып тастады. Ешкім бұл туралы сөз айтып жатқан жоқсыздар. 

Қазіргі уақытта аталған іске байланысты Шарбақты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғаған.

Мұратжан ШӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2 Қылмыстық іс бар. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Және айтқандай тергеудің құпиялары бар. Қандайда сұрақтарыңыз болса, полиция дептарментіне сұрақтарыңызды түгел беріңіздер. Біз түгеліні анық-қанығын қарап сіздерге жауап береміз.

Ал бүгін тұрғындардың мәселесін тыңдауға билік өкілдері келді. Халықпен кездесу өткізген шенділер көлдің 2016 жылы конкурстық негізде игеруге берілгенін хабарлады. Жиынға кешігіп келген компания өкілдері де мардымды жауап бермеді.

Алмас БАТАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жанағыдай шартқа сәйкес бойынша ешкім жанағы «Стройбиоресурс» жанағы шаяндарды ұстауға құқығы жоқ. Бұл құқықты Экология минстрлігі жануарлар әлемін қорғау комитеті квота береді жыл сайын. Бұндай квота биылға бізде жоқ. 

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: 

Ашынған халық бейбіт күнде ауыл тұрғындарына оқ атқан күзетшілердің қатаң жазалануын талап етті. Ал Маралдыдағы бағалы шаянды аулауға тыйым салмауды сұрайды. Оны 20 жылдан бері кәсіп қылған жұрт күнкөріс көзінен айырмаса деп отыр.

Ө. Қуанар