Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистерді құтқару операциясы ертең тоқтатылуы мүмкін

AstanaTV
20.08.2019ж. 20:00
1712
Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистерді құтқару операциясы ертең тоқтатылуы мүмкін

Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистерді іздеу-құтқару жұмыстары ертең тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы жоғалып кеткен альпинистрдің туыстары айтып отыр. Олар құтқару операциясын доғармауды сұрайды. Қар құрсауында қалып қойған Мұрат Өтепбаевтың қызы тепловизор құрылғысының түскі уақытта пайдасы шамалы екенін алға тартып отыр. Ал тікұшақтың қараңғы түнде көкке көтерілуіне рұқсат жоқ. Белгілі болғандай үш альпинист біраз уақыттан бері Жеңіс шыңын бағындыруды жоспарлаған.  

Наталья КОРНЕЕВА, А.КОРНЕЕВТЫҢ АНАСЫ:

Олар аман екендігіне біз бір де бір секунд күдіктенбейміз. Бірақ оларға шұғыл түрде жәрдем керек. Олар мықты жігіттер, түсінесіздер ме олар кәсіби мамандар. Өздері де талай рет адамдарды құтқарған еді ғой.

Шахаризада ШАУНОТОВА, АЛЬПЕНИСТ М.ӨТЕПБАЕВТЫҢ ӘЙЕЛІ:

Менің күйеуім қазақстандағы альпенизмнің дамуына үлес қосқан жан. Оның кішкентай шәкірт оқушылары да бар. Біздің 4 баламыз бар. Екеуі әлі кәмілет жасына толмағандар. Барлықтарыңызға оны іздеу жұмыстарын тоқтатпауларыңызды өтінем 

Еске сала кетсек, 15 тамызда қазақстандық альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалып қойған еді. Өкінішке орай Александр Чечулин өкпесі қабынып, көз жұмған. Жоғалған альпинистер Қырғызстандағы 7 жарым мың метрге жуық Жеңіс шыңының жоғары нүктесіне көтеріліпті. Бүгін таңертен МИ-171 борты «Оңтүстік Инылчек» базасына жеткен. Олар бір жарым сағат бойы тепловизор көмегімен іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Бірақ, әзірге еш нәтиже жоқ. 

Н. Біләл