Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Риддерде жанармай тапшы

AstanaTV
22.08.2019ж. 20:00
2950
Риддерде жанармай тапшы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жанармай тапшы. Көлік жүргізушілері бекеттерде ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Қала билігі оған себеп «LNP» компаниясының жанармай нарығын монополиялауы дейді. Риддердегі 11 жанармай бекетінің 9 осы компанияға тиесілі. Жанармай мәселелі қалай және қашан шелімек, толығырақ тілші материалында.

Бұл видеоны Риддер қаласының көлік жүргізушілері түсірген. "LNP" компаниясының жанармай бекеттерінде бензин жоқ, ал "ҚазМұнайГаз" бен "Гелиос» бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Мұнда кептеліс тудырмас үшін әр көлікке 30 литр бензиннен беріліп жатыр.

Сергей ГРИЩЕНКОВ, РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің артымдағы «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеті. Кемі 50-70 көлік кезекте тұр. Барлығы 92-ші маркалы бензинді әкелуін күтіп отыр. 95 маркалы мүлде жоқ. Ал оң жақтағы «LNP-дікі», бензин бірде бар бірде жоқ.

- Заправка «Гелиос» бензин, очередь стоит люди ждут. 

"LNP" компаниясы басшылығының айтуынша, Павлодар мұнай өндеуші зауыты оларға қажетті отын көлемін жеткізбеген. Ал екі ірі жанармай бекеттері үлкен сұранысты қанағаттандыруға мүмкіншіліктері жетпейді.   

Евгения НУЖНЫХ, РИДДЕР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

"Бізге "LNP" басшылығы түсіндіріп өткендей, Павлодарлық мұнай өндеу зауыты тиісті көлемде жанармай жеткізбеген. Ал "ҚазМұнайГаз" және "Гелиос" жанармай бекеттеріне күн сайын бензин жеткізіліп жатыр, бірақ олар техниалық себептерге байланысты тасымалдың көлемін арттыра алмайды. Олардың бензин тасымалдайтын көліктері істен шыққан. Біз қазір Өскемен қаласынан Риддерде қосымша жанармай бекетін аша алатын компания іздестіріп жатырмыз.

Энергетика министрлігі бұл мәселе тек Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында ғана туындап отырғанын баса айтты. Демек жергілікті билік пен жанармай тасымалдаушы арасында жұмыстың жолға қойылмағаны деді. Сондай-ақ, Павлодар зауыты кестеге сай отын жеткізіп отырғанын хабарлады.  

Қуаныш ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Жанармай бекеті мен көтерме сатушы арасында келісім болмаған. Кесте бойынша Шығыс Қазақстан облысына 24 мың тонна тиесілі. Оның 17 мың тоннасы жеткізілген. Қалғаны 9 күннің ішінде жетеді

Риддер қаласының әкімдігі енді монополияламақ болған компанияға тиіселі жер уческелерін тексермекші. Жанармай бекеттерін саламыз деп алған жерлер бос жатқан болса оны жұмыс істейтін басқаларға беруді ойластырып қойды.   

Ә. Өмірзақ