Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жыл басынан бері 1 мың гектар орман алқабы, қалпына келмейтіндей болып өртенген

AstanaTV
23.08.2019ж. 20:00
2005
Жыл басынан бері 1 мың гектар орман алқабы, қалпына келмейтіндей болып өртенген

Жыл басынан бері 65 мың гектар орман алқабы өртенген. Оның 1 мыңы қайта қалпына келмейтіндей жанып кеткен. Былтырғы жылмен салыстырғанда өрт шығу фактісі бір жарым есеге көп. Оған негізгі себеп ауа-райының қатты ыстық болуы. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Дегенмен адами фактор әсерінен өрт шығу болжамы да жоққа шығарылмайды.

Ерлан НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Күніне 20-25 рет найзағайдан өрт болады. Кәдімгі жарқырап тұрған күндері. Өртті болдырмауға біздің ешқандай жағдайымыз жоқ, жаңа айтып жатырмыз ғой, ол бірінші. Адамнан келетін өрт. Әр өрт бойынша бүгінгі күнде тергеу жұмсыары жүргізіліп жатыр. Ол әлі аяқталмады. Оған біршама мерзім керек.  

Ә. Өмірзақ