Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университінетінің 250 студентіне жатақхана берілмей жатыр

AstanaTV
27.08.2019ж. 20:00
5552
Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университінетінің 250 студентіне жатақхана берілмей жатыр

Алматы жатақханасында шу шықты. Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетіне түскен 250 студент жатақханасыз қалғалы отыр. Грантқа түскен балаларға оқу орны жатақхана беруді уәде еткен. Жатын орын неге жетпей жатыр? Асем Лесбек анықтады.

Қызылордалық Ержан Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университіне екінші курс студенті. Ақпараттық-технология мамандығын меңгеріп жатқан ол биыл да ағасының үйінде жатып оқуға ыңғайсызданып отыр. Ал жатақханадан орын берілмепті.  

Дамир, СТУДЕНТ: 

Маған жатақхана берілмеді неге екенін білмедім. Келсем айтты документ өткізбедің деп. Мен онлайн өткізгем. Кеп сұрасам орын берілмейді барлығы толып қаған деді. Көп балалы отбасымыз, алты бала.

Ал оқу орны екінші курстағылар тұрмақ, оқуға түскендерді де жатақханамен қамти алмай отыр. 250-дей балаға жатын орын жетпей жатқан көрінеді. Олардың арасында көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққандар мен жетімдер де бар.  

Айнұр ИСАЕВА, Қ. СӘТПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:   

Қазіргі таңда университетіміздің 250-ден астам бірінші курс студенттері жатахқанаға орналаса алмай отыр. Себебі біздің нөмірі 5 ші жатаханамызды университеттің бұрынғы қызметкерлері босатпай отыр. Олардың көбі 2016 жылдан бастап жұмыстан кеткен. 2017 де басшылық оларды сотқа беріп, мекемені босатсын деген шешім қабылданған. Бірақ олар осы күнге дейін мекемеден кетер емес

Білім ошағындағылардың айтуынша, бұрынғы басшылық қызметкерлеріне № 5 жатақхананы уақытша пайдалануға берсе де, ондағылар түрлі сылтау айтып, студенттерге орын босатпапты. Олар барар жері жоқ екенін айтып отыр.  

Думан АХАТАЕВ, ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНЫ:  

Әйелім осы жерде магистратура оқып жұмыс істейтін, сол кезде бізге берген. Жыл сайын конкурс болады сотрудниктердің арасында. Конкурстан өткізбей тастайды, жұмыстан шығарып жібереді. Сол үшін баратын жерлері болмағаннан кейін бұл жерде көпбалалы семьялар, жалғызбасты аналар тұрады.

Ал студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеміз деген басшылық, №4 жатақханадағы жөндеу жұмыстарының әлі бітпей жатқандығын айтты. Ол тек қарашада ғана дайын болмақ.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

85 жылдан астам тарихы бар университеттегі сабақ алдыңғы аптада басталған. Биыл мұнда 2500 студент оқуға түсіп, олардың 1100-ден астамына жатын орын берілуі тиіс екен. Дегенмен оқу орнының басшылары биыл жатақхана берілгендер 15 пайызға артық деп отыр.     

Ә. Лесбек