Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қарағанды облысында 9 мың жас жұмыссыз жүр

AstanaTV
29.08.2019ж. 20:00
2428
Қарағанды облысында 9 мың жас жұмыссыз жүр

«Nur-Otan» партиясы қатарындағы салғырт азаматтардан арылып, белсенді жастармен толықтырмақ. Бұл туралы Қызылжарда өткен "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің отырысында айтылды. Былтырдың өзінде өңірде 1 жарым мың партия мүшесі өз билеттерінен айырылған. Өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының көбі белсенді емес. Филиал төрағасы Құмар Ақсақалов осылай деп отыр. Өңірдегі 300-ден астам ұйымның саусақпен санарлығы жұмыс істейді. Мәселен, «ЗИКСТО» зауытының жұмыскерлері бірнеше ай бойы жалақы ала алмай жүргенін біле тұра, бұл мекемедегі бастауыш партия ұйымы көмектесуге тырыспаған. Ақыры жалақы дауы аймақ басшылығы мен құқық қорғау органдарының араласуымен шешіліпті.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері аталған мекемеде жұмыс істейтіндіктен осындай жағдай қалыптасып отыр. Сондықтан жетекшілерді еңбек ұжымының арасынан таңдамау жағын қарастыруымыз керек. Жәй ғана тіркеліп қойып жүретіндерді емес, нақты жұмыс істейтін азаматтарды жинаймыз.

Ал Қарағанды облысында өткен саяси кеңесте жұмыссыздар мәселесі көтерілді. Аймақта 9 мың жас жұмыссыз бар. Ал өңірде мыңдаған орта мамандық иелері жетіспейді. Олар - электр дәнекерлеуші, жолшы, бұрғылаушы секілді жұмысшылар. «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ерлан Қошанов жұмыссыз азаматтарды мемлекетке масыл болғаннан гөрі еңбекке ұмтылуға шақырды.

Ерлан ҚОШАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Жалпы біз масылдық психология дегеннен арылуымыз керек. Бұл туралы көп айтылып жатыр. Кейбір адамдар бар өзінің үйі, джипі, қожалығы бола тұра АСП-ны ұялмай кезекке тұрып алғысы келеді немесе ажырастық деп қағаз береді. Комиссия тексерсе, бір үйде тұрып жатыр. Оның барлығы қазір әшкереленіп жатыр».

А. Қуаш