Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Павлодарда 22 отбасы кірісін жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған

AstanaTV
29.08.2019ж. 20:00
2775
Павлодарда 22 отбасы кірісін жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған

Павлодарда 22 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген. Олар кіріс көзін жасырып, жылжымайтын мүліктері мен бағалы заттарын- жақындарының атына тіркетіп қойған. Мұны жұмыспен қамту орталығының мамандары айтты. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жүргізілген тексеру нәтижесінде тұрғындардың көбінің табысы шектік мөлшерден асып кеткен. 

Аманбек ҰНАТҰЛЫ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көбісі болғанда жеке меншік кәсіпкерлер де жұмыс істейді. Ол кісілер болғанда еңбегін алуын алып алған. Бірақ, ол кісілердің пенсионный очислениесі зейнетақы қоры кейін 3 айдан кейін 5 айдан кейін жіберген. Сол кезде біздің учасковой комиссия тексеріп отырып, сондай фактілерді шығарады. 

Биылғы жылы Павлодар қаласында 11 мың 375 адам атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіген. Мамандар олардың кірісін есептей келе тек 3 мың 275 отбасына әлеуметтік көмекті тағайындаған. Сондықтан орталық өкілдері тұрғындарға алған жәрдемақыларын кері қайтаруды талап етіп отыр. Ал қарызды қайтарған жағдайда 3 айдан кейін кірісі қайта есептеледі. Бұған дейін аймақ әкімі Павлодар облысында коттеджде тұрып, жеке бизнесі бар тұлғалардың да мемлекеттен көмек алып келгенін айтқан болатын. Ол кезде тек 5 отбасы ғана анықталған еді.  

Ө. Қуанар