Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президенттің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар қабылданатын болады, - Е.Қарин

AstanaTV
02.09.2019ж. 20:00
2453
Президенттің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар қабылданатын болады, - Е.Қарин

Президент тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар қабылданатын болады. Бұл туралы мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді. Саясаткердің пікірінше жолдау нақты сипатқа ие. Және саяси бәсекенің өсуін, көппартиялықты дамытуды, диалогты күшейтуді көздеп отыр.

Ерлан ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ :

Жолдауда Үкіметке деген нақты тапсырмалар көп болды. Менің ойымша, Президент Жолдауы - Үкімет үшін нақты іс-қимыл жоспары. Үкімет қазір Президенттің тапсырмаларын талқылап, оны іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылданады деп ойлаймын. Бұл бірнеше күнге созылыуы мүмкін. Жоспар кешенді болады, онда Үкімет тарапынан таяу уақытта қабылданатын нақты шаралар көрсетіледі.  

Ал президент көмекшісі Мәулен Әшімбаев жолдау елдегі ең өзекті мәселелерді көтерді, дейді. Оған қоса олардың шешімі ретінде қабылдануы тиіс шаралар да жолдауда болғанын атап өтті. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ:

Президент жолдауында елдегі ең өзекті деген мәселелерді көтерді. Ол экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайға да байланысты. Және оларды дамыту мақсатында нақты шаралар ұсынылып отыр. Мәселен экономикада кіші бизнес өкілдерінің 3 жылға салықтан босатылуы. Бұл елдегі кәсіпкерлерге үлкен көмек.  

Ә. Өмірзақ