Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Зейнетақы жарнасы алдымен бюджеттік қызметкерлерге берілуі мүмкін,- Б. Сапарбаев

AstanaTV
03.09.2019ж. 20:00
1972
Зейнетақы жарнасы алдымен бюджеттік қызметкерлерге берілуі мүмкін,- Б. Сапарбаев

Билеттің қымбаттығына ұшақтардың жетіспеушілігі себеп. Fly Arystan жыл соңына дейін рейстер жиілігін екі есеге арттыратын болды. Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай деп мәлімдеді. Бүгін Үкімет Жолдаудағы міндеттерді орындау жоспарын жасауға кірісті. Ақерке Бектас тарқатады.

Енді Fly Arystan күніне 14 емес, 28 рейс жасауға көшпек. Ал ұшақты көбейту үшін "Эйр Астана" мен "Qazaq Air" компанияларына Үкімет қосымша қаражат құяды. Бағасы аспандап кеткен билет құнын билік осылай түсірмек. Ал пойыз билетінің тапшылығы мен заңсыз делдалдықты билет сату тәртібін реттеу арқылы жөнге салмақ.  

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Теміржол билеттерінің жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында билеттерді сатуда цифрландырылу жүргізілуде. Билеттерді сату тәртібін реттейтін норма енгізіледі және биылдан бастап "Қазақстан теміржолы" компаниясы жыл сайын 100-ден аса жаңа жолаушы вагондарын алатын болады.

Ал зейнетақы жарнасын пайдаға асыру, Ұлттық Банк арқылы жүзеге аспақ. Бердібек Сапарбаев жинақ ақшаны беру үшін ол адамның жасы мен жинақталған соммасы ескерілетіні айтты. Сондай-ақ ең алдымен бюджеттік қызметкерлерге берілуі мүмкін екенін жеткізді.  

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Әрине, ең бірінші кезекте бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін адамдарға, одан кейін тұрмысына қарап анықтаймыз. Бірақ, оны есептеу керек. Қанша ақша керек? Қанша жылға керек? Жинаған қоры бар.

Президент Жолдауда тендердің арқасында теңгесін көбейтіп, пайдаға қарық болған шенділерді де сынап тастаған еді. Үкіметте мұны Ахметжан Есімов те құптай кетті. "Самұрық-Қазына" бәсекеге берілмейтін мемлекеттік сатып алуды қысқартты, дейді.  

Ахметжан ЕСІМОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Президент мынадай мысал келтірді: 4,4 млрд теңге сатып алудың 3,3-і ол бір источниктен сатылды деп. Ол деген дұрыс емес. Біз оның бәрі қысқарттық. Ал енді ашық тендерге елдің бәрі қатысады. Оны біз 2,6 есеге көбейттік. Соның арқасында біз 120 млрд ақша үнемдедік.

Президент тапсырмасын орындауда қатаң бақылау қажет. Осылай деген Асқар Мамин, ақ жағалыларға ескерту жасады. Министрліктер тиісті қаулы жобасын 7 қыркүйекте Үкіметке енгізуге міндеттелді.  

А. Бектас