Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

«Азия алыбы» әдеби сыйлығы тағайындалуы мүмкін

AstanaTV
04.09.2019ж. 20:00
2072
«Азия алыбы» әдеби сыйлығы тағайындалуы мүмкін

Азиядан шыққан қаламгерлерге жаңа халықаралық сыйлық тағайындалуы мүмкін. Елордада бүгін алғаш рет өтіп жатқан ақын-жазушылар форумында Мемлекет басшысы осындай ұсыныс жасады. Әлемнің 38 елінен 300-ге жуық әдебиет қайраткері келді. Олар осы алаңда саладағы өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмаса алады. Қасым-Жомарт Тоқаев Азияның рухани бай мұрасын әлемге әйгілеу үшін бірыңғай электронды кітапхана жасақтаудың да маңыздылығына тоқталды. Президент мәдениет пен ғылым шығыс елдерінен бастау алады деді. Оның айтуынша, шайырлардың ежелде жазып кеткен шығармаларында бүгін туындап жатқан көп сауалға жауап бар. Форумға қатысушылар да Азия әдебиетін жер-жаһанға насихаттау керек деп отыр.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары БҰҰ 6 тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр. Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни 2 жарым млрд оқырманға тарайды. «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн. Әлемдегі әйгілі сыйлықтар секілді бұл марапаттың да беделін арттыруға күш салуымыз керек.

Д. Қайыртай