Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Көп балалы ана аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер үшін қайырымдылық орталығын ашты

AstanaTV
04.09.2019ж. 20:00
3363
Көп балалы ана аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер үшін қайырымдылық орталығын ашты

Нұр-Сұлтанда көпбалалы ана қайырымдылық қорын ашты. Мұнда тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балалар тегін оқып, жатақханада тұра алады. Дәметкен Алпысбаева мұндай қайырымдылықтан өзге 25 жылдан бері адамдарды емдеп, көпшіліктің алғысына бөленіп жүр.

49 жастағы Дәметкен Алпысбаева 5 перзенттің анасы. Шиеттей бала-шағасын қатардан қалдырмас үшін аянып қалған емес. Жоғары білім алып, сауатын ашсын деген ол 18 жасынан кез келген істі бастаудан жатырқамаған. Бастапқы да сиыр сауып, қаймақ сатқан. Ауласындағы төрт-түліктің жүнін өткізіп, пайда тапқан.

Дәметкен АЛПЫСБАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Менің мақсатым - үлкен арттағы ұрпаққа, сен көпбалалы бол, балаң 2-3 болсын мейлі, өзіңнің отаның тыныш болса. Мен ойлаймын, бәрін істеп алуға болады. Ол біреудің бергенімен.. менің ең үлкен бүгінгі жетістігім - 5 балам, 5 баламның 5 уақыт намазы.

Дәметкен апаның негізгі кәсібі - емшілік. Ол талай жанның дертіне шипа тапқан. Осы арқылы табыс тауып қана қоймай, ел-жұрттың алғысына бөленіп жүр. 

Дәметкен АЛПЫСБАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Мен адамдардың бұрынғы қазақ бабаларымыздың қазақи булау емін қалыптастыруға өзім сондай бір ойға келдім. Содан 25 жыл болды мен адам емдеймін. Тартылған сіңір тамырларды жазып, қазақтың бұрынғы булауына салам. Таза табиғи ем. 

Кез келген істі ұршықша иіретін ана қайырымдылықпен де айналысады. Осыдан 8 жыл бұрын қолға алған қорын кеңейтіп, бүгінде өз иелігіндегі жерден оқу орталығын да ашыпты. Сауат ашу орны тұрмыстық жағдайы төмен және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған. 

Ерден ЖАНГЛЫШЕВ, «СҮЛЕЙМЕН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Бұл енді апайымыздың идеясы ғой. Негізі. О бастан осындай бір қайырымдылық мекеме ашамын. Қазақтың балалары сыртта жүріп, қиналмасын. 

Орталық келесі аптадан бастап жұмысын бастайды. Мұндағы тәлімгерлер рухани-адамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіреді.