Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордалық мектеп оқушыларының ата-аналары шу шығарды

AstanaTV
05.09.2019ж. 20:00
3091
Елордалық мектеп оқушыларының ата-аналары шу шығарды

Нұр-Сұлтанда нөмірі 12 мектеп оқушыларының ата-аналары бас көтерді. Айтуларынша, білім ошағы жаңа оқу жылына дайын емес. Балалар 1-қыркүйекте қабырғасы көгеріп, сыз тартқан сыныпқа кірген. Қала берді, мұнда спорт залы қарастырылмаған. 1 жарым жылдан бері мектеп директорының құр уәдесінен шаршадық деген бір топ ата-ана, біздің редакцияға жүгінді. 

- Это же позор, вот такую вот школу, посмотрите, это же вообще ужассно. Куда уходить. наш же финансирует. 

Бұл - №12 мектеп ата-аналарының жанайқайы. Жаңа оқу жылында балалалары сыйқы кеткен сыныпқа кірген. Айтуларынша, мектеп әкімшілігі кабинеттің жөндеу жұмыстарына ата-аналардан ақша сұрапты.   

Юлия ЛАЗУТОВА, АТА-АНА: 

Біз жағдай төмен отбасыдан шыққан соң, оған қаржымыз болмады. Кейін естісек, мектеп басшылығының ақша талап етуге құқығы жоқ екен. Жоғарыдағыларға шағымданған едік, мектеп әкімшілігі 3 сағаттың ішінде сыныптың ішін бояп үлгерді. Балаларымыз енді сол химиялық бояудың иісін жұтып, сабақта отыр.

Айгерім САҒЫМБАЕВА, АТА-АНА: 

Директорға кірсек, ұнамаса, құжаттарыңды алыңдар да, кете беріңдер дейді. Бұл не сұмдық? Ол мектеп басшысы ретінде мардымды жауап беруі тиіс қой. Ең болмаса түсіндірмей ме?

1966 жылы бой көтерген ғимаратта тек балабақша мен бастауыш сынып оқушылары тәлім алады. 120 оқушыға шақталған мектепте 370 бала оқып жатыр.   

- Дети как говорят никогда не врут. 2-го сентября в таком состояний был класс? Когда вы зашли. Вот так вот был?

- Нет

- Была плесень, шторы были?

- Шторы небыло, плесень был.

- Нас родителей заставили убираться?

- Да.

Шыр-пыр болған ата-аналардың айтуынша, мектепте дене шынықтыру залы да стандартқа сай емес.  

- Здесь мячь пнул, а дальше в лоб, все ты лежишь все. Здесь сырость. Запах чувствуете /что делалали 3 месяца, почему они не подготовили элементарно спорт зал.  

Ал мектеп директоры болса, бұның бәрін жоққа шығарып отыр. Айтуынша, оқу орны арнайы коммиссияның тексеруінен өткен. Ал ата-ананың барлық қажеттілігін қанағаттандыру үшін бюджеттен бөлінген қаржы жеткіліксіз.   

Тоқаш ЖҰМАБАЙ, №12 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: 

Мен шамам келгенше істеп жатырмын бөлінген қаражат бойынша. Спорт зал бізде жоқ. Бұрын ол жеміс-жидек сақтайтын қойма болған. Сосын оны 2010 жылы жөндеу жасағанда, спорт зал істеген. Енді соның ішінде мүмкіндігінше қыстыгүны сол жерде өткіземіз. Оған бөлінген қаражатымыз жетпей қалды. Басқармадан тағы қаржы сұратып отырмыз.

Қалалық білім басқармасы болған жағдайдан хабардар. Мекеме білім ошағындағы бар кем-кетікті жоюға қаржының қарастырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, ата-анадан ақша талап ету жағдайларын да зерттейміз деді.  

Жазира АСАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Кеше біз ата-аналардан анкета алдық. Және бүгін барып, мұғалімдерден анонимді түрде сауалнама алып жатырмыз. Ақша жинау бойынша. Ремонтты өздеріңіз жасап жатырсыздар ма, әлде мектеп жасап жатыр ма деген сұрақтар бойынша. Ол анкеталарды да талқылаудан өткіземіз.

Білім басқармасындағылар мектеп келесі жылы толық күрделі жөндеуден өтетінін хабарлады. Сондықтан, ата-ананы оған дейін барынша сабыр сақтауға шақырды.  

А. Мүтәлі