Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодар облысының Шарбақты ауданында дәрігерлер тапшы

AstanaTV
09.09.2019ж. 20:00
2305
Павлодар облысының Шарбақты ауданында дәрігерлер тапшы

Павлодар облысының Шарбақты ауданында дәрігерлер жетіспейді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы өкілдерінің ауданға жасаған сапарында белгілі болды. Өңірде хируг, гинеколог, терапевт дәрігерлер тапшы. Аудандық ауруханаға биыл небәрі 6 жас маман келген. Маман тапшылығына ақ халаттылардың баспанамен қамтылмауы себеп. Қазіргі уақытта мәселені шешу үшін 16 пәтерлі ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру үшін партия бірінші кезекте бастауыш партия ұйымдарымен жұмысты күшейтпек. Павлодар облысында 417 бастауыш партия ұйымы, оның 59 673 мүшесі бар. Сондықтан жолдауды халыққа жеткізуде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары іске қосылатын болады.

Ақпараттық түсіндіру тобы орталық аурухана, мектеп пен Шарбақты элеваторының қызметкерлерімен кездесіп, Президент жолдауының басым бағыттарын түсіндірген болатын.