Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қ.Тоқаев ресми сапармен Қытайға барады

AstanaTV
10.09.2019ж. 20:00
2261
Қ.Тоқаев ресми сапармен Қытайға барады

Қазақстан мен Қытайдың арақатынасы өзара сенімге негізделген. Қытайға сапарының алдында ССТV орталық телеарнасына сұхбат берген Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сөз арасында ол біздің ел ресми Бейжіңмен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екендігін білдірді. Президент журналистердің сұрағына қазақ және қытай тілдерінде жауап беріп, аспанасты елінің мерейтойына орай халқына қытайша құттықтау хат жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қытайға ресми сапарымен барады. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

Қытаймен жан-жақты серіктестікті нығайта беру - Қазақстан үшін өте маңызды. Біз өз тарапымыздан қазақ-қытай қатынастарының ойдағыдай дамуына айрықша назар аударамыз.