Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Бюджет 200 млрд теңгеден қағылуы мүмкін

AstanaTV
10.09.2019ж. 20:00
2178
Бюджет 200 млрд теңгеден қағылуы мүмкін

Микро және шағын бизнес салықтан босатылса, бюджет келер жылы 200 млрд теңгеден айрылады. Бұл туралы Президент Жолдауын жүзеге асыруға арналған жалпыұлттық жоспар талқыланған Үкімет отырысынан кейін белгілі болды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов қазір сол соманың орнын толтыру механизмдері әзірленіп жатқанын айтты.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Табыс салығын микро және шағын бизнестен алмайтын болсақ, онда біз ол 200 млрд-тан астам қаражатты басқа көздерден қаржыландыруымыз керек. Біз оны салық және кедендік әкімшіліктендіру сапасын арттыру есесбінен көріп отырмыз.

Қазір елде табыс салығын төлеп отырған 700 мың жеке кәсіпкер мен 200 мың шағын бизнеспен айналысатын заңды тұлға тіркелген. Қаржы министрі үш жылдық мораторий - жер қойнауын пайдаланушы және акцизделетін тауар мен құмар ойын бизнесімен айналысатындарға жүрмейтінін айтты. Жолдауды жүзеге асыруға арналған жалпыұлттық жоспар бүгін Президенттің қарауына жіберілді. Құжат 81 тармақтан тұратын бес бағытқа бөлінген. 

Д. Қайыртай