Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

AstanaTV
11.09.2019ж. 20:00
1903
Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 143 мың адам келген. Елбасымен кездескен партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді. Оның айтуынша, партия «жаңғырту» бағдарламасын іске асыруды қарқынды түрде жүргізіп келеді. Бүгінде 6 аймақтың бірінші орынбасарлары ауысыпты. «Jas Otan» жастар қанатын жандандыру шаралары да ұмыт қалмаған. Жақында ғана Бурабайға 200 көшбасшы шақыртылып, 5 күндік семинар өткізілді. Партия ел аймақтарындағы азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге де басымдық беріп отыр. 

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Кеше ғана сотқа наразылық білдіріп, 27 адам партияға келді. Аймақтардан. Жоғары сот төрағасы жеке тапсырма беріп, соттың өкілдері бүгін адамдарды қабылдап, бәрін жеке бақылауға алып, соны қарап жатыр. Жалпы, халықтың сіздің саясатыңызға деген, партияның саясатына деген сенімі күшейіп жатыр.