Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Имидждік іс-шаралардан бас тарту арқылы 350 млрд тг астам қаржы үнемделеді

AstanaTV
19.09.2019ж. 20:00
3596
Имидждік іс-шаралардан бас тарту арқылы 350 млрд тг астам қаржы үнемделеді

Қасым-Жомарт Тоқаев жүз күннің ішінде әлеуметтік мәселелерді шеше алатын үлкен тұлға болып қалыптасты. Әріптесім Данияр Қайыртаймен сұхбаттасқан саясаттанушы Ерлан Саиров осылай деді. Саясаттанушының Президент жұмысына қатысты пікірі арнайы сұқбатта. 

Данияр ҚАЙЫРТАЙ, ТІЛШІ:

Қайырлы күн, Ерлан Биахметұлы! Бүгін Мемлекет басшысының қызметіне кіріскеніне тура 100 күн толып отыр. Бұл қандай да бір қорытынды шығаруға болатын мерзім. Осы уақыт аралығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарған қандай істері сіздің ойыңызға ең бірінші оралады?

Ерлан САИРОВ, САЯСИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: 

Ең бірінші Президенттің біздің халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге ұмтылысы. Ең бірінші шешім - кредиттік амнистия болды. Бұл кредиттік амнистия Қазақстандағы жарты миллион адамның тағдырына әсер етеді. Екінші бір мәселе - мынау виртуалды қабылдау бөлмесі. Онда қазір 4 мыңнан астам әр түрлі арыздар түскен. Соның 1,5 мыңы қазірдің өзінде шешілген. Ол бір айдың ішінде істелген нәрсе. Басқалары шешілу үстінде. Яғни тыңдай білуге қабілетті мемлекет дегеніміз осы. Халықтың нақты проблемасы нақты түрде шешіліп жатыр. Сонымен бірге, имидждік әр түрлі іс-шараларға қаржыны үнемдеу. Біздің мамандардың есебі бойынша егер осы имидждік іс-шаралардан 350 млрд-тан астам тг үнемделуі мүмкін екен.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ, ТІЛШІ: 

Қ.Тоқаев Президенттік қызметке кіріскен күнінен бастап билік пен қоғамның арасындағы диалог мәселесіне қатты көңіл бөліп келеді. Енді осы мәселе қоғамдық-саяси өмірде қандай да бір өзгерістерге әкелуі мүмкін бе?

Ерлан САИРОВ, САЯСИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: 

Әрине, адам дамуы - ең негізгісі диалогқа байланысты. Біз мына Ұлттық жалпы өнім деген цифрдің артынан қуып отырып, осы цифрдің артында нақты адамның тағдыры бар екендігін ұмытып кеттік. Міне осы бүгінгі таңдағы бұл кісінің айтып отырғаны Қазақстандағы 18 млн 500 мың адам болатын болса, соның әрқайсысының жеке тағдыры бар. Сондықтан адамның жеке тағдырын шешуіміз керек деп айтып отыр. Ол біздің еліміздені әлеуметтік оптимизмді өсірудің бірден-бір жолы.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ, ТІЛШІ: 

Халықтың мемлекет басшысына деген сенімін қалай өлшеуге болады және Президенттің қай істері оның имиджіне оң әсерін немесе теріс ықпалын тигізді?

Ерлан САИРОВ, САЯСИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: 

Бірінші, Арыстағы жағдай. Яғни Қасым-Жомарт Кемелұлы Арысқа барып, қайтып келген кезде осы ұлтты ұйыстыра алатын, біздің еліміздегі бүкіл халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге қабілетті үлкен тұлға болып қайтты. Екіншіден, имидж дегеніміз - халықтың мәселесін шешу. Сондықтан егер рухани, әлеуметтік, экономикалық мәселелер шешілетін болса, имидждің түп тамыры осында.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ, ТІЛШІ: 

Күні кеше Қ.Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады. Сіздің ойыңызша, бұған қаншалықты қажеттілік болып еді?

Ерлан САИРОВ, САЯСИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: 

Енді 100 күн өтті ғой. Бұл кадрлық ауыс-түйістер Президенттің біздің еліміздегі негізгі саяси тұлға екендігін, сонымен бірге мына саяси кадрлық мәселелерді өзі дербес шешетіндігін көрсетеді. Екіншіден, дербес Президент болғандықтан оған қазір біздің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін қасына адам капиталы керек. Ол кісі қазір осы адам капиталын іздестіру үстінде.