Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтауда мүгедектер мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жарамсыз пәтерлер үлестірілген

AstanaTV
20.09.2019ж. 20:00
3659
Ақтауда мүгедектер мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жарамсыз пәтерлер үлестірілген

Ал, Ақтауда балалар үйінің түлектеріне берілген үйдің сапасы сын көтермейді. Жаңа баспанаға ескі есіктер мен сынған терезелер салыныпты. Бұл үйден пәтер мүгедектер мен мұғалімдерге де үлестірілген. Тұрғын үйдің сапасы күдіктенген көпшілік, туыстарында тұруға мәжбүр.  

- После того как я въехала в квартиру, дверь была в таком состоянии.

Анастасия бұл 2 бөлмелі пәтерді 11 жыл күткен. Ол балалар үйінің тәрбиеленушісі. Үй иесі қақаған қыста бөлме температурасы 16 градусқа дейін ғана жылитынын айтады. Тіпті, электр жүйесі мен кәріз құбырлары да талапқа сай емес,-дейді. 

Анастасия АБАШЕВА, ТҰРҒЫН:

Құрылыс жұмыстары алғашқы кезден-ақ дұрыс жүргізілмеген. Мен алғашында өз шатырым бар екенін медеу тұтып, бұған көңіл аударған жоқпын. Арада бір жыл өткенде қарасам қабырғалардың үгітіле бастағанын байқадым. Одан әрі жағдай одан бетер қиындай түсті.

Бұл тұрғын үйден жетімдер мен мүгедектерге пәтер бұйырған. Сондықтан олардың жөндеу жұмыстарын өздері жүргізуге шамасы жоқ. Оларға еріктілер де қол ұшін созған. Анастасияның да пәтерінің қабырғаларын тегістеп, кілемдер мен жиһаз сыйлады.  

Вероника ШВЕДИКОВА, ЕРІКТІ:  

Тұрғын үйдің бюджеттік екенін жақсы түсінемін. Бірақ адамдарға мұндай апатты жағдайдағы пәтерді үлестіруге болмайды. Өйткені балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен мүгедек жандар қарапайым жөндеу жұмыстарын да жасауға жағдайы келмейді.

Көп қабатты үйдің құрылысымен "Шанс-21" компаниясы айналысыпты. Алайда олардың кепілдік мерзімі өтіп кеткендіктен, жауапты компания ақауларды жөндеуден бас тартқан.   

Серік ҒҰСМАН, АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Егер адамдар өз үйіне жүйелі түрде жөндеу жұмыстарын жүргізбесе, тіпті сапасы жоғары үйдің өзі жаман күйге түседі. Аталған мәселені жеке қарап, барып өз көзімізбен көріп, тексеріс жүргізуге дайынбыз.

Ақтауда соңғы екі жылда бірде-бір бюджеттік үй салынбапты. Дегенмен бірнеше көп қабатты баспананы пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Ғ. Өтемісов