Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Инфекциялық ауруханада қайтыс болған 1 жасар Нұрайымның өліміне не себеп болғанын арнайы комиссия анықтайды

AstanaTV
30.09.2019ж. 20:00
2547
Инфекциялық ауруханада қайтыс болған 1 жасар Нұрайымның өліміне не себеп болғанын арнайы комиссия анықтайды

Қарағанды облыстық инфекциялық ауруханасында қайтыс болған 1 жасар Мақат Нұрайымның өліміне не себеп болғанын арнайы комиссия анықтайды. Қазір тәуелсіз сарапшылар мен жауапты мекемелер сараптама жасауда. Алайда, қыркүйектің 6- ысында көз жұмған Нұрайымның анасы дәрігерлер бүлдіршінді дұрыс емдемегеніне сенімді. Қарағандылық тілшіміз Айжан Қуаштың бейнематериалы.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ :

Кішкентай Нұрайым 1 жасқа толуға санаулы күн қалғанда, қыркүйектің басында көз жұмды. Бұған дейін ол облыстық инфекциялық ауруханаға 1 айда 3 рет түскен. Жас маман алғашында бүлдіршінді тексеріп іш ауруы мен бронхит деген диагноз қойған. Екінші рет түскенде ангина деген. Үшінші рет жағдайы нашарлап ауруханаға қайта келген бүлдіршіннің екі өкпесі бірдей қабынып, әбден асқынғаны анықталады.

Осылайша бүлдіршін облыстық инфекциялық аурухананың респиратуралық- вирустық бөлімшесінде барлығы 1 айдай емделген.   

Құралай КӘРІМТАЕВА, ҚАЙТЫС БОЛҒАН НҰРАЙЫМНЫҢ АНАСЫ: 

Басқа дәріге ауыстырыңыздар, біз осы ЦЕФ 3 - ді алдық, енді алмаймын дедім.Үшінші рет түскен кезде рентгенді сұраттым, жасатқызған жоқ олар. Қақсадық, күнде айттық. Екісі күні біз только через знакомый ғана звонокқа шықтық. Ол кісі заведующий врачқа шықты. Ол кісі баланы қарады да рентгенге түсіріп, кешке двухсторонная пневмания деген диагноз шығыпты.

Осыдан кейін ғана балаға көңіл бөліне бастаған. Алайда, жан сақтау бөліміндегі ем Нұрайымды құтқарып қала алмады.  

Құралай КӘРІМТАЕВА, ҚАЙТЫС БОЛҒАН НҰРАЙЫМНЫҢ АНАСЫ: 

Зав врач айтты: « жас маман, қателік кетті, ондай- ондай боп тұрады»,- деп. Ол сонда баланы өлтірумен ғана болу керек па? Ол қалай диагноз қояды? Арықарай диагнозбен балаларды өлтіре бере ма? Бұндай дәрігерлерді шығару керек. Либо басқаша статъяда қандай жаза бар, сол бойынша жазалануы керек.

Болжам бойынша, сәби екі өкпенің қабынуы салдарынан көз жұмған. Инфекциялық аурухананың директоры Гүлмира Бекзатова "жас дәрігер баланы бөлім меңгерушісінің кеңесімен емдеуі тиіс" болған деп отыр.  

Гүлмира БЕКЗАТОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫ: 

Түскенде пневмонияның белгілері анық болған жоқ. Дене қызуы көетерілген, интоксикация белгілері іріңді ангина белгілерімен байланысты деп ойлаған дәрігер. Пневмания диазнозы кеудесін рентгенге түсірген кезде анықталады. Кеудесінің рентгенін жасауға айқын көрсеткіштер болмады.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: 

Бүгін денсаулық сақтау басқармасы ауруханада қызметтік тексеру жүріп, Нұрайымның өліміне қатысты арнайы комиссияның сараптамасы облыс әкімі мен денсаулық сақтау министрінің тікелей бақылауында екенін хабарлады. Оның қортындысы, 11 қазан күні жарияланады. Айтпақшы, осыдан екі жылдай бұрын дәл осы инфекциялық ауруханада 2 жасар Айзере есімді қыз да көз жұмған болатын. Оның өліміне айыпты дәрігерлерге қатысты тергеу «қылмыс құрамы жоқ» деген себеппен тоқтатылған.

А. Қуаш