Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Құрманбек Жұмағали «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

AstanaTV
01.10.2019ж. 20:00
7078
Құрманбек Жұмағали «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Белгілі тележурналист Құрманбек Жұмағали «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Телеарнаның жаңа басшысын «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қабылдап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Ал телеарна ұжымына «Nur Media» холдингінің бас директоры Болат Кальянбеков таныстырды. Құрманбек Жұмағали отандық ақпарат айдынында аты қалыптасқан кәсіби журналист. 1985 жылы 7 тамызда дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады. Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» Ұлттық телерадиокомпаниясының редакторлық бөлімінің штаттан тыс редакторы болып бастаған. Әр жылдары бірнеше республикалық телеарналар мен мемлекеттік қызметтерде болған. Бүгінгі тағайындауға дейін «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары болды.

Ә. Өмірзақ