Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақтөбеде 8 сынып оқушысы асылып қалды

AstanaTV
03.10.2019ж. 20:00
2595
Ақтөбеде 8 сынып оқушысы асылып қалды

Ақтөбеде 8 сынып оқушысы өз-өзіне қол салған. Жасөспірімді жақындары өз үйінде асылып тұрған жерінен тауып алған. Жас өреннің мұндай қадамға баруға не себеп болғаны анықталып жатыр. Тілшіміз Бақыт Рахметова жалғастырады.

Қайғылы оқиға жасөсіріпімнің өз үйінде болған. Көршілердің айтуынша, мектептен келген 13 жасар бала спорттық киімнің белдігіне асылып қалған көрінеді.

Қыршын кеткен жасөспірім үйінің тұнғышы. Артынан ерген інісі мен қарындасы бар екен. Әкесі бірнеше жыл бұрын өмірден озған. Балаларды анасы жалғыз өзі өсіріп отыр. Отбасы жуырда ғана қалаға Хромтау ауданынан қоныс аударыпты. 

Гүлдана ӘБІШЕВА, №6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ:
 
Оқушы класына жақсы бейімделді. Ешқандай баламен кикілжің болмады. Ашық жарқын бәрін білуге талпынып тұратын лидерлікке бейім болды.


Мектептегі мамандар баланы жақсы жағынан сипаттап отыр. Сондықтан оның мұндай  қадамға баруына не себеп болғанын түсінбей дал. Істі полицейлер анықтап жатыр.

Майя АСҚАРҚЫЗЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:


30 қыркүйек күні кешкі уақытта кәмелетке толмаған 13 жасар жасөспірім өз үйінде асылып қалған күйде табылды. Бала ешқандай есепте тұрмаған, оқу орны бойынша жағымды сипатталады. Аталған факті бойынша, қазіргі кезде ҚР ҚК 105 бабының 3 тармағы бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:


Айта кетейік, қыркүйек айының басында осыған ұқсас жағдай Алға ауданында  болды. Ол кезде 13 жастағы бала өз-өзіне қол салды. Ол да Алматы облысынан қоныс аударып, мектеп ауыстырған екен. Ал облыста жыл басынан бері бес бала өмірмен өз еркімен қош айтысқан.  

Б. Рахметова