Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Нұр-Сұлтандағы мектепте оқушы үстіне төбе сылағы құлады

AstanaTV
08.10.2019ж. 20:00
3381
Нұр-Сұлтандағы мектепте оқушы үстіне төбе сылағы құлады

Үстіне төбе сылағы құлаған оқушы ауруханадан босатылды. Қалалық білім басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті мектепте тексеріс жұмыстарын бастаған. Қазір мектепте сабақ жүріп жатыр, бірақ оқиға болған 3 қабатты жауып тастаған.  Оқиғаның мән-жайына қаныққан тілшіміз Асылбек Данияр, тақырыпты жалғастырады.

Оқыс жағдай мектептің 3-нші қабатында, таңертеңгі ауысым кезінде болған. 10-сынып отырған кабинетте төбе сылағы опырылып, құлап онымен бірге электр лампасы да салдырап қалды. Абырой болғанда балалар аман, тек бір оқушының зардап шекті. Оны бірден №2-ші қалалық ауруханаға жеткізген. Оқиғаға қатысты мектеп әкімшілігі қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Осында білім алатын балалардың ата-аналары болса, бұл жағдайға алаңдаулы.

Шолпан, АТА-АНА:


Естідік, инстаграмда жүр ғой.  Міне, кісілердің бәрі шулап жатыр. Басқа кластарды да айтып жатыр еще. Енді қалай барамыз бұл мектепке деп.

 Мәктай ӘЛІБАЕВА, АТА-АНА:

Алаңдап отырмыз ғой енді. Оңай нәрсе емес. Бір бала жараланып қалыпты. Сақ болу керек. Былай қарап отыру керек. Балалар енді өзіміздің алтындарымыз ғой енді. Жібереміз сеніп. Осылай болғанына қатты ренжідім өзім кеше.

15 жастағы қыз бала жеңіл бас жарақатын алған. Дәрігерлер медициналық тексерістен соң, үйіне босатыпты. Қалалық білім басқармасының мамандары жөндеу жұмыстары басталғанын, осы оқиғаға қатысты тексеру жүріп жат ыр деді.

Жазира АСАНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ.БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазір мектепте ремонттық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сол қабатта 3-қабатта сол оқиға болған. Сол кабинетте және соған жақын орналасқан кабинеттерде әзірше, сабақ жүргізіліп жатқан жоқ. Өйткені, ремонт біткен соң тағы бір рет тексереміз. Барлығы қауіпсіз жағдай болғанда ғана, біз балаларды кіргіземіз.


3 мыңнан астам оқушысы бар, бұл мектептің пайдалануға берілгеніне 6 жыл болған. Содан бері жыл сайын жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жасалып келген.
 
Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Білім басқармасы биыл да ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін жеткізді. Зерттеудің қорытындысы шыққаннан соң ғана, тиісті шаралар қабылданатынын айтты. 

А. Данияр