Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

3 мыңға жуық алматылық біріңғай жинақтық төлем жүйесін қолданған

AstanaTV
09.10.2019ж. 20:00
2815
3 мыңға жуық алматылық біріңғай жинақтық төлем жүйесін қолданған

Қазақстанда биыл 1-ші қаңтардан бастап, біріңғай жинақтық төлем жүйесі енгізілді. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар немесе бейресми жұмыс істейтіндер үшін тиімді. Олар ешқандай тіркеусіз кәсіпкерлік қызметтеріне қажетті, тіпті әлеуметтік, медициналық сақтандыру, салық төлемдерін бір жерден жасай алады. Жоба тиімді тұстары Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығында тағы бір мәрте егжей-тегжей түсіндірілді.

Бірыңғай төлем жүйесін жүзеге асыру биылдан басталды. Жоба мақсаты - салық төлеушілерге жарналарды ортақ бір сомаға біріктіріп, төлеуге мүмкіндік жасау. Бұл біріншіден, уақытты үнемдейді, екіншіден жеке кәсібін тіркеуден бас тартып, жалтарғандарға мемлекет тарапынан бақылау жасауға ыңғайлы. Біріңғай жинақ төлем мөлшері 1 АЕК құрайды. Есесіне оның мүмкіндіктері орасан. 

Гүлзинат МЕЙІРБЕКОВА, АЛМАТЫ қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

Бұл төлемнен, яғни 2525 теңгеден 10% жеке кісіпкер ретіндегі салымға кетеді, 20% әлеуметтік сақтандыруға кетеді, 30% зейнетақы қорына кетсе, 40% міндетті медициналық сақтандыруға кетеді.

Біріңғай жинақ төлем жүйесі қолданысқа енгізілгелі бері 3 мыңға жуық алматылық өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар медициналық сақтандыруға, зейнетақы жүйесіне және мемлекеттік салыққа төлем жасаған. Жеке тұлға орталыққа қаржы аударғаннан кейін автоматты түрде барлық мемлекеттік органдарға тіркеуге алынады. Демек, мемлекет қолдауын пайдалануға құқылы. Жұмыспен қамту орталығының өкілдері,  өзге де көлеңкеде жүрген кәсіп иелерін осы жүйе арқылы тиімді төлем жасауға шақырады. 

Гүлзинат МЕЙІРБЕКОВА,  АЛМАТЫ қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

Жеке жүргізуші болып, сылақшы болып, сауда орындарында жаңағы сатушы болып жүргендер, үйлерінде кішкене тігінші болып істеп, сонымен қатар, пекарь дейміз ғой нан пісіретіндер осы 2525 теңгені 1 айлық көрсеткішті төлеп, автоматты түрде жеке кәсіпкер түрінде тіркеле алады.


Аталған жүйе бойынша төлем жасаудың бірнеше әдістері бар. Олар екінші деңгейлі банктер, «Қазпошта» филиалдары және «Kaspi.kz» мобильді қосымшасы арқылы да төлем жасауға мүмкін қарастырылған.

Ә. Асқарұлы