Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жанармай бағасы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін

AstanaTV
17.10.2019ж. 20:00
3092
Жанармай бағасы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін

Жанар-жағармай бағасы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов Мәжіліс қабырғасында осылай деді. Ведомство басшысы оны акциз құнының өсуімен байланыстырып отыр. Қазір ол 8 теңгені құрайды. Алдағы уақытта тағы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Өсім 6 пайызды құрамақ. Бұл бензиннің барлық түріне қатысты. Жан-жақты талқылаудан өтіп жатқан жоба 1 желтоқсаннан бастап күшіне енгізілмек.

Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

"Бүгінде АИ-92 шамамен 150 теңге, кей жерлерде бір литрі 149-152 теңге. Көрші елдермен салыстырсақ, бұл өте аз. Бензин құнының жартысына жуығы акцизді құраса, бізде тек 8 теңге ғана. Баға ары кетсе 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Екі есе өспейді.

Бұған дейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев көрші елдермен салыстырғанда отандық жанар-жағармайдың құны арзан болғандықтан, шекара асып жатқанын айтқан еді. Сондықтан бензин бағасын кезең-кезеңімен шекаралас мемлекеттермен теңесетінін жеткізді.

Ә. Мүтәлі