Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

БҚО аумағын дамыту бағдарламасының 14 индикаторы орындалмаған

AstanaTV
29.10.2019ж. 20:00
1811
БҚО аумағын дамыту бағдарламасының 14 индикаторы орындалмаған

Батыс Қазақстан облысы аумағын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаның 14 индикаторы орындалмаған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының фракциясы отырысында белгілі болды. Әсіресе өңірдің өнеркәсіп, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы көрсеткіштері мәз емес. Мысалы, ауыл шаруашылығы саласында ауа-райының қолайсыздығына байланысты өнімді жинау 51% азайған. Білім беру саласында апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі де шешілмеген. Ал денсаулық сақтау саласындағы индикаторларға ана мен бала өлімі кері әсер етіпті. Дегенмен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілдері бұл индикаторларды ықшамдап, іріктеу керектігін айтады. Сонда ғана жасалған жұмыстың нақты көрсеткіші айқындалады деген пікірде.

Әсемгүл ӘБЕНОВА,  БҚО ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бағдарламаның индикаторлары салалық министрліктер мен ұлттық экономика министрлігімен келісіліп, бекітіледі. Алайда келісілу барысында министрліктер мен бюджеттің параметрлерінің есебінсіз жеткізіледі бізге. Бұл мәселені жоғары салалық министрліктермен шешу керек.

Ал Шымкентте әлеуметтік мәселелер кәсіпкерлер есебінен шешілмек. Мысалы,  мектептердегі орын тапшылығын шешу үшін 40  млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Қазір қалада орта есеппен 49  мектеп жетіспейді. Тоғыз білім ұясы үш ауысымда бала оқытып отыр. Сондықтан білім ошақтарын салу мемлекеттік қаражат есебінен ғана емес, жекеменшік -әріптестік серіктестік негізінде де салу мәселесі «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының фракциясы отырысында айтылды. Нұротандықтар ұсынысты партиялық бақылауға алатындарын жеткізді.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШҚФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Өте тиімді, өте керемет жоба екен. Егерде біздің «СПК-Шымкент» жерімен кіретін болса және 15 пайыз құнымен, ал жеке кәсіпкер 25 пайыздық қаржысы болса оған қалған қаржысын банкте екінші деңгейдегі банктер кредиттейді екен. Осылай шешуге өте жақсы бізге Шымкент үшін мектептің мәселесі өте күрделі.

А. Төребекқызы