Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодар облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 5 есеге өскен

AstanaTV
01.11.2019ж. 20:00
1775
Павлодар облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 5 есеге өскен

Биыл Павлодар облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 5 есеге өскен. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының облыстық филиалында өткен партиялық бақылау комиссиясының отырысында белгілі болды. Жергілікті биліктің дерегінше, жәрдемақыны 9 мыңнан астам аз қамтылған отбасы алған. Оларға жалпы соммасы шамамен 3 млрд. теңге  бөлініпті. Аймақта жұмыспен қамту көрсеткіші де оң нәтиже берген. Осы жылы жұмыссыз ретінде тіркелгендердің 68 пайызы екі қолға бір күрек тапты.

Айман ОСПАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біз бүгін облыс әкімі орынбасарының өңірді дамыту бойынша баяндамасын тыңдадық. Сол сияқты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен ауыл шаруашылығы басқармаларының да есебін естідік. Сондықтан, біз 2020 жылдың 1 наурызына дейін өңірді дамыту бойынша  барлық жобаларды аяқтап, іске кірісуіміз керек.

Ал, «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция отырысында, өңір басшысы оларды халықпен жақын болуға шақырды. Асқар Мырзахметов қарамағындағыларға жұмыс істеудің жаңа алгоритмін ұсынған. "Өңірлік даму бағдарламасы" деп аталатын жобаның мақсаты, шенеунікттерді кабинетінен шығару деп түсіндірді. Яғни мемлекеттік мекеме басшылары ауыл-аймақтарға іс-сапармен шығып, олардың тіршілігімен танысуы тиіс. Әкім билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту үшін «Азаматтық бақылау» жүйесін де енгізетінін айтты. 

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ:


Біз арнайы алгоритм бекіттік,  3 деңгейдегі әкімдіктің жұмысын ширатуға қатысты. Айталық айына 2 рет инспекторлар ауданға шығады. Айына бір рет облыс әкімі орынбасары ауданға шығады. Облыс әкімі орынбасары ауданға шығатын кезде өзінің жетекшілік ететін саласы -  барлық проблема. Ол дегеніміз не, ол - «Өңірлік даму бағдарламасы» деген сөз.

     
Ө. Қуанар