Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«NUR OTAN» партиясы несиелік төлемедерді қысқартуға жәрдем берді

AstanaTV
04.11.2019ж. 20:00
2170
«NUR OTAN» партиясы несиелік төлемедерді қысқартуға жәрдем берді

"Нұр Отан" партиясы несиелік төлемдерді қысқартуға жәрдем берді. Алматы қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдауға келген қарапайым азаматтар екінші деңгейлі банкке қалай қарызға батқандарын баяндап берді. +ЗКТ: Галина Просвирова 12 жыл бұрын басшысының өтініші бойынша пәтерін кепілге қойып, несие алған. Бірақ бұрынғы басшы осы күнге дейін бұл мәселені шешпеген. Жақында Галина Просвироваға пәтерді босату турасында банктен ескерту алған. Баспанасыз қалудың алдында тұрған азаматшаның бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Соңғы үміті «Нұр Отан» партиясы болғанын жасырмады.

Галина ПРОСВИРОВА, ТҰРҒЫН:

Өзім қызмет етіп жүрген мекеменің жұмысы тоқтап қалмасын деп, жаным ашып, пәтерімнің құжаттарын бердім. Алайда, сол кезде кепілдеме келісім-шартына қол қойғызу үшін мені ешкім шақырмаған. Неге шақырмаған? Себебі, олар менің келісім-шартқа қол қоймайтынымды білді. Өйткені онда 3 айдың орнына 1 жыл 3 ай деп жазылған. Ендігі үмітім «Нұр Отан» партиясында.

Бір сағат көлемінде Қоғамдық қабылдау бөлімінің қызметкерлері 7 азаматтың мәселесіне құлақ түріп, тыңдады. Алты мәселе бойынша сол орында оң шешім қабылданды.

Александр ПАВЛОВ, «ХАЛЫҚ БАНК» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ БЮРО МҮШЕСІ:

Бүгінде Қоғамдық қабылдаулардың жұмысы өз тиімділігін дәлелдеді. Адамдар бұл жерге соңғы үмітін үкілеп келеді. Партия көмек бере алмаса, онда кім проблеманы шеше алады. Бүгінгі қабылдауда болғандардың барлығы қабылданған шешімдермен қанағаттанды деп ойлаймын.