Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Nur Otan» партиясына жүгінгендер саны 4 жарым есеге өскен

AstanaTV
07.11.2019ж. 20:00
2075
«Nur Otan» партиясына жүгінгендер саны 4 жарым есеге өскен

Шымкентте «Nur Otan» партиясының араласуымен  үш жүзден астам балаға мектепте ыстық тамақ беру мәселесі шешілген. Бұдан бөлек тегін ем қабылдап жатқандар да бар. Айта кетейін, биыл аймақта билік партиясына көмек сұрап жүгінетіндер саны төрт жарым есеге артыпты.

Индира туғаннан сал. Қаңтардан бері жеке клиникалардың бірінде ем алуда. Анасының айтуынша инемен емделгелі қызының қимыл-қозғалысында өзгеріс бар. Бірақ бұл ем қаражатың түбін көрсеткен. Соңғы үміт билік партиясы болған соң көмек сұрапты. 

Барно МИРЗАТАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қызымның нәтижесі өте күшті, жақсы. Қызым қазір жәйлап жүріп жатыр, отырып. Қазір сөзі көбейді, өзі жазады, әрекеті жақсы. Кішкене дамыды. «Жас ай» клиникасының мүшелеріне, «Nur Otan»  партиясының мүшелеріне өз алғысымды айтамын.

Бұл медициналық орталық пен партия арасында өзара келісім жасалыпты. Қазір мұнда Индирадан басқа тағы тоғыз бала тегін ем қабылдап жүр. Партияның қоғамдық қабылдауына жыл басынан бері 4,5 мыңдай отбасы көмек сұрап келген. Тең жартысының мәселесі оң шешілген. Соның ішінде мектепте берілетін ыстық тамақ та бар. Алты баланың жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Нулифар Ибрагимова бір жәрдемақыны жеткізу мүмкін емес екені айтады. Сондықтан мектеп жасындағы үш баласына білім ордасынан бір уақыт ыстық тамақ тегін берілсе деген өтінішін жасапты. 

Нулифар ИБРАГИМОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шынымды айтсам өзім істемейм, кішкентайым әлі 1-ге толмаған, сондықтан істей алмағаннан күніне 50- 100 теңге тауып беру де өзі болмайды, соны тауып беріп, амалдап әйтеуір жіберетінмін. Қазір рахмет, құдайға шүкір, ақша да бермеймін. Өздері келіп, тамақтарын ішіп ыстық тамақтарын ішіп: «мама біз мынандай тамақ жедік» -деп мақтап келеді әйтеуір. Бәріне рахмет! Бұның өзі үлкен көмек қой.

Бақтыбай ӘЛІПОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Білім мекемелерімен келісе отырып және де кәсіпкерлермен басқа да келісе отырып 346 бала ыстық тамақпен бүгінгі күні қамтылды.  Сонымен қатар 45 отбасының балаларын біз мектпке дейінгі мекеме дейміз, балабақшаға жекеменшік, мемлекетік балабақшаларға орналастырдық.

Партияға көмек сұрап жүгінушілер қатары биыл 4,5 есеге артқан. Дені жұмысқа орналасу, баспана сынды әлеуметтік мәселемен келген. Айта кетейік, былтыр  небәрі 918 азамат қоғамдық қабылдауда болыпты. Нұротандықтар бұл билік партиясына деген халықтың сенімі екенін айтады. 

А. Төребекқызы