Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тараздық әйелге дәрігерлер қасақана түсік жасатпақ болған

AstanaTV
13.11.2019ж. 20:00
2463
Тараздық әйелге дәрігерлер қасақана түсік жасатпақ болған

Тараздық гинекологтар Надира Бешалиеваға қасақана түсік жасатпақ болған. Бұл туралы Әділет министрінің қатысуымен өткен "Nur Otan" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында белгілі болды. Дәрігерлер жүктіліктің 6-шы айында балаға түрлі патологиялық диагноз қойыпты. Тіпті, сәбидің туылмай жатып шетінейтінін жеткізген. Бірақ Надира Бешалиева сау баланы дүниеге әкелді. Ашынған ана сәбиінен айырмақ болғандарды сотқа берген. Бірақ құзырлы мекеме арнайы медициналық сараптаманы әзірлемей отыр. Ол министрден көмек беруін сұрады.  

Надира БЕШАЛИЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Сараптаманы күткеніме 7 айдан асты. Бірақ, әлі күнге дейін сот-медициналық сараптама қорытындысын ала-алмай отырмын. Тараз, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының өзінде сараптама жасата алмай жүрмін. Қанша уақыт болды күткеніме. Маған ақша да, басқа да қажет емес. Бастысы дәрігерлер заң алдында жауап берсе екен. 

Марат БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ: 

Медициналық сараптама әзірлеу үшін алдымен тергеушіге жүгіну керек. Немесе, адвокаттың көмегі арқылы шыға аласыз. Біз сіздің мәселеңізді тікелей бақылауға аламыз. Қажет болса, адвокат жалдауға да көмектесеміз.  

"Nur Otan" партиясының алаңында өткен министрдің қабылдауына 17 адам жазылған. Аймақ тұрғындары жеке сот орындаушыларына наразылықтарын білдірді. Ал Марат Бекетаев барлық арыз-шағымдар назардан тыс қалмайтынын жеткізді.  

Ғ. Өтемісов