Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынының билеттері сатылымға шықты

AstanaTV
14.11.2019ж. 20:00
2372
«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынының билеттері сатылымға шықты

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынының билеттері сатылымға шықты. Бағасы 4 мың мен 55 мың теңге аралығында. Оны «Астана» футбол клубының ресми сайтынан сатып алуға болады. Матч, 28-ші қараша, кешкі сағат 21:50-де басталады. Айта кетсек, Еуропа лигасы «L» тобында Манчестерлік клуб көш бастап тұр. Алғашқы ойында 1-0 есебімен солар жеңіске жеткен еді. Елордалық клубтың топтан шығу мүмкіндігі болмаса да, көпшілік бұл ойынның тартысты әрі қызық өтетініне сенімді.  

Ә. Өмірзақ