Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Францияда 300 мың үй жарықсыз қалды

AstanaTV
18.11.2019ж. 20:00
1784
Францияда 300 мың үй жарықсыз қалды

Францияда 300 мың үй жарықсыз қалды. Елде қардың қалың жаууына байланысты ағаштар құлап, электр желілері үзілген. Ол Дроме, Рон, Ардеч және Изре әкімшілік департаменттеріндегі электр қуатына да әсер етіпті. Өткен бейсенбіде қар қалыңдығы мен көктайғаққа байланысты аймақтың жеті департаментінде қауіптің қызғылт деңгейі жарияланған еді.  

Ал елімізде 19-21 қараша күндері минус 33 градусқа дейін күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы -28-ден -33° аязға дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты жел болуы ықтимал. Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында қар, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Бұл жерлерде ауа температурасы түнде - 7-15°С-қа дейін жетіп, оңтүстікте минус -3 тен 8°С-қа дейін суытады.