Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атқарылар жұмыстар пысықталды

AstanaTV
28.11.2019ж. 20:00
2368
Атқарылар жұмыстар пысықталды

Таразда 16 мың адам пәтер кезегінде тұр. Одан бөлек, қала маңынан жеке тұрғын үй құрылысын салуға 71 мыңнан астам тұрғын өтініш білдірген. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында өткен жиында белгілі болды. Жиналғандар Елбасының "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні"  бағдарламасын тілге тиек етті. Бағдарламаға сай, өңірде атқарылатын жұмыстарды пысықтады. Жыл соңына дейін 80 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Яғни 320 жамбылдық баспаналы болады. Одан бөлек 4 мыңға жуық тұрғынға келесі жылдан бастап 4 алқаптан жер берілмек. Сондай-ақ, ауыз сумен қамту жұмыстары да қарқын алады.

Балабек НАРБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауылдарды қолдауға 2 трлн теңге қарастырылып отыр. Алдағы 3 жылда ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етуге 560 млрд теңге бөлу жоспарда бар. Осы жұмыстар нақты орындалатын болса, 2023 жылдың соңына қарай ауылды жерлердің бәрі сапалы сумен қамтамасыз етіледі. Тұрмысы төмен отбасыларға құжаттарын дайындауға және кезекке тұру, басқа тірліктерді жасауға БПҰ нақты тапсырмалар берілді.

Дәл осындай жиын Шымкент шаһарында да өтті. Белсенді нұротандықтар 7 серпінде айтылған тапсырмаларды тиянақты іске асыру қажеттілігін айқындады. Тапсырмалардың уақытылы жүргізілуі «нұротандықтардың» назарында болмақ.

Д. Әлімқұл