Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Аймақ тұрғындары дәрігерлердің салғырттығына наразы

AstanaTV
06.12.2019ж. 20:00
2321
Аймақ тұрғындары дәрігерлердің салғырттығына наразы

Онкологиялық диагноз дәрігерлер кеңесінің шешімімен қойылса, көпшілік ем іздеп шетел аспас еді.  Қарағандылық Оразбек Сүлейменов, "Nur Otan" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына өз басындағы жағдайды жеткізді. Айтуынша, жергілікті дәрігер баласының айықпайтынын айтып, шығарып салған. Балғынның болашағына алаңдаған әке түркиялық мамандардың көмегіне жүгініпті. Қазір химиялық терапия арқылы ем қабылдап жатқанын айтты. Емнің құны да қымбат, күніне 500 доллар, деді. Денсаулық сақтау министрі мұндай ем бізде тегін жасалатынын айтып, науқас баланы елге алып келіп емдеуге кеңес берді.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
 
Менің министр ретінде ең басты міндетім емдеу технологияларын дамыту. Әрине оған уақыт керек. Кейбір жағдайда кемшіліктер болады. Ол үшін кешірім сұраймын. Бірақ, сіз айтқан ұсынысты түсініп, қабыл алдым. Комиссия бойынша, рабочий орган бойынша жақында шешім қабылдайтын боламын.

Қоғамдық қабылдауға бүгін 48 адам жазылған. Олардың дені дәрігерлердің салғырттығына арызданды. Министр Елжан Біртанов барлық арыз-шағым жіті қаралатынын жеткізді.

Ғ. Өтемісов