Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Соңғы екі жылда "Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Трансформация бағдарламасынан 86 млрд теңге пайда көрді

AstanaTV
18.12.2019ж. 20:00
1777
Соңғы екі жылда "Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Трансформация бағдарламасынан 86 млрд теңге пайда көрді

Соңғы екі жылда "Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Трансформация бағдарламасынан 86 млрд теңге пайда көрген. Бұл туралы басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Digital Samruk-2019» конференциясы кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша қор стартап иннновациясына тұрақты қолдау көрсету үшін үлкен әлеуетке ие. Сондықтан тиімділік тұрғысынан күмәнді жобалардың шығынын оңтайландыру керек,-деді. Ахметжан Есімов қор компанияларының цифрлық трансформация бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелерін ұсынды.

Ахметжан ЕСІМОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл тек тікелей пайда, тағы жанама түрі бар. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобының таза табысы шамамен 1 трлн 150 млрд теңгені құрады. Шоғырландырылған бюджетке төлемдер 14%-ғп өсіп, 813 млрд теңге болды. Бір жыл ішінде Үкіметке дивидендтер көлемі 2 есеге, ақшалай түрде 5 есеге артты.

Ғ. Өтемісов