Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарлық төрт ірі жанармай бекетінің қожайынына сұйық отын бағасын негізсіз көтергендігі үшін 40 млн теңгелік айыппұл салынды

AstanaTV
11.10.2017ж. 20:00
2975
Павлодарлық төрт ірі жанармай бекетінің қожайынына сұйық отын бағасын негізсіз көтергендігі үшін 40 млн теңгелік айыппұл салынды

Павлодар облысында жанармай бағасының қымбаттауына қатысты тексеріс басталды. Жанар-жағармай құю бекеттері бағаны негізсіз көтерген деген күдік бар. Өйткені мұндай жағдай өңірде бірінші рет болып тұрған жоқ. Өткен жылдың соңы мен биылғы жылдың бірінші тоқсанында қолдан баға жасаған 4 ірі компанияның жегені желкесінен шығуы мүмкін. Оларға 40 миллион теңге айыппұл салынған. Жергілікті монополияға қарсы қызмет өкілдері материалды сотқа тапсырыпты. Департамент басшысы міндетін атқарушы Павел Баданиннің сөзінше, кәсіпкерлердің өзара келісілген әрекеті салдарынан нарықтағы сұйық отын құны бір күнде аспандап кеткен.

Павел Баданин, облыстық ТМР және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Өзара келісілген әрекеттер дерегінің болғаны анықталды. Яғни бір мезгілде жанармай мен дизельдік отын бағасын негізсіз қымбаттатқан. Бұл субъектілерге қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, материалдар Павлодар және Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Айппұл көлемі 40 млн теңгені құрайды.