Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордалық 69 жастағы қария вокзалда тұрып жатыр

AstanaTV
24.12.2019ж. 20:00
3376
Елордалық 69 жастағы қария вокзалда тұрып жатыр

69 жастағы қария елорда вокзалында тұрып жатыр. Денсаулығында кінәраты бар ақсақал Семейден Нұр-Сұлтанға келіп ем алады. Басында баспанасы жоқ болғандықтан, вокзалда түнеуге мәжбүр. Әріптесім Асылбек Данияр мүмкіндігі шектеулі ақсақалдың жағдайымен танысып келді.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

69 жастағы Ерсайын ата осымен 8 жылдан бері темір жол вокзалдарда күнелтіп жүр. Соңғы 2 жылда "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" вокзалында тұрып жатыр. Оның айтуынша, алған зейнетақысын билетке жұмсайды екен. 1 айда 8 билет яғни барып-келу билеті. Дәл қазір осы Нұр-Сұлтан- Нұрлы жол вокзалындағы мүгедектерге арналған бөлмеде тұрып жатыр.

1 топтың мүгедегі Ерсайын Басекенов денсаулығына байланысты Нұр-Сұлтанға 2011 жылдан бастап келіп, емделеді. Туыстары бар болғанымен, оған қараспайды. Екі аяғы протез, үлкен және кіші дәреті ұстамайтыны тағы бар.
Вокзалдың кезекшілері бұл атаны 2 жылдан бері таниды. Тіпті вокзалдан күтіп алып, шығарып салады екен. Вокзал қызметкерлерің айтуынша, ақсақалды іздеп алып кететін адамдар жоқ.

Бауыржан МЕДРАЛЫ, ВОКЗАЛ КЕШЕНІ БАСШЫСЫНЫҢ КӨМЕКШІ КЕЗЕКШІСІ:

Келе жатқанда звандайды бізге. Мен келе жатырмын балам деп. Сол кезде бір адам сол кісінің артында жүреді. Бір адамды бөлеміз. Жаңағы тамақ ішуге барады, жуынуға барады. Барлығына көмектесетін вокзал кешенінің қызметкерлері болып табылады. Ешқандай уақыт қойылмайды ол кісіге. Жұмысым бар дейді, билеті бар.  Айына 7-8 рет келетін шығар.

Үй-жайы жоқ болғандықтан, кейде аураханада, кейде вокзалда түнейтінін айтты. 

Ерсайын БАСЕКЕНОВ, І ТОП МҮГЕДЕГІ:

2011-ден бастап мен ескі вокзалда болдым. Семей қаласында немесе басқа жерде дәрі-дәрмек, врачтардың емдеу кочествасы бөлек. Сондықтан, мен осында емделдім, жүрегіме операция жасалды. Стент қойды, сосын аяғыма протез салды.

Жүріп-тұрудан қалған егде жастағы қарттың басты проблемасы - баспана. 2016 жылы елордадағы үй кезегіне тұрғанын жеткізді. Қазіргі таңда кезегі 43000-нан 12000-ға түскен.

Ерсайын БАСЕКЕНОВ, І ТОП МҮГЕДЕГІ:

Жақын арада квартира бермейміз дейді. Мен айттым, егер сіздер дұрыс очердке қойсаңдар общий очердке қоймай, уже давно 3-4 квартира алатын едім. Мен қазір жүре алмаймын. Көзім көрмей қалды. Ертең операция барайын деп отырмын көзіме. Довление бар, құлақ естімей қалды. 


Алматы ауданы әкімдігі өкілдері бұл мәселеден хабары бар. Айтуынша, ол әкімдік ұсынған уақытша баспанада тұрудан бас тартқан.

Аида МЕҢДІБАЕВА, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Ерсайын Басекенұлының жалпы жағдайынан хабарымыз бар.  Қазіргі таңда қалалық №4 емханасында емделіп жатқаны анықталды.  Ол кісі тұрғын-үй кезегіне тұрған жағдайда өз кезегімен ғана ала алатындығын айта аламыз.

70-ке таяған қарияның әзірге үй кезегін күтуден басқа амалы жоқ.

А. Данияр