Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 4 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі

AstanaTV
27.12.2019ж. 20:00
2410
Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 4 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатынан кейін Ақордада шұғыл кеңес өткізді. Президент қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетілетінін айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
 
Құрметті әріптестер! Өздеріңізге мәлім, Алматы маңында ұшақ апаты болды. Қазіргі мағлұмат бойынша 12 адам қаза тапты. Біразы зардап шекті. Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Бұл мәселемен Үкімет айналысады

Ал, премьер-министр Асқар Мамин қайғылы оқиғадан көз жұмғандардың отбасына 4 миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетілетінін жеткізді. Айта кетейік, төтенше жағдайдан кейін, Президент тапсырмасымен шұғыл үкіметтік комиссия құрылған еді. Комиссияға Үкімет басшысы төрағалық етеді.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:


Үкімет мүшелерінің атынан қаза болғандардың жақындарына ортақтасып көңіл айтамыз. Жарақат алғандардың тез сауығып кетуін тілейміз. Әр отбасына 4 миллион тенгеден қаржы бөлінеді. Жапа шеккендерге де тиісті көмек көрсетіледі.


Ғ. Өтемісов