Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Талдықорғанда 20-дан астам отбасы 7 жыл бойы жарық пен суға жарымай отыр

AstanaTV
08.01.2020ж. 20:00
2640
Талдықорғанда 20-дан астам отбасы 7 жыл бойы жарық пен суға жарымай отыр

Талдықорған қаласындағы Пладопетомник шағын ауданы тұрғындарының өркениеттен қол үзгеніне 7 жылдан асқан. 20-дан астам отбасы әлі күнге дейін жарық пен суға жарымай отыр. Қас қарайса- майшамын майлап отыратын тұрғындар редакциямызға хабарласып, шағымын жеткізді. Тұрғындар өз қаражатына ауладан құдық қазып, көрші көшеден электр желісін тарқызып алған. Тіпті учаске аумағына көше аты берлімегендіктен, мекен-жайлары да жоқ көрінеді. Базыналы халық әкімдіктің де табалдырығын тоздырдық деп отыр. Дегенмен түйіткілдің түйіні әлі тарқамағанына наразы.

Светлана ЖИЕНТАЕВА, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біздің көшеннің аты жоқ, свет жоқ, канализация жоқ. Акиматқа бардық 7 жыл болды. Әне береміз, міне береміз деп әлі берген жоқ.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселеге байланысты Талдықорған қаласы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мадияр Нұрахметовпен байланысқа шықтық. Қайырлы кеш, Мадияр Бекқайырұлы, тұрғындарға үй салуға жер берілсе, неліктен жарық пен су әлі жеткізілмей отыр? Мұны қашан, қалай шешпексіздер?

Мадияр НҰРАХМЕТОВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

2019 жылы Балауса ауданында орталықтандырылған су жүйесі бар. Кез-келген тұрғын техникалық шарт алу үшін су құбырына жүгіне алады. Ал, электр желісі бойынша жұмыс жоспары енгізілді. Есеп-қисап жүріп жатыр. Тиісті қаржы бөлінетін болса, жарық берілетін болады.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Тұрғындар көше атауы болмағандықтан, әлеуметтік қызметтерді де пайдалана алмай  отырмыз,-дейді. Көше атауын берудің қандай қиындығы бар?


Мадияр НҰРАХМЕТОВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:


2019 жылдың қыркүйегінде ономастикалық комиссияға ұсыныс жібердік. Егер мақұлданса Жанкент атауы беріледі. Биыл береміз.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Бізбен байланыста болған Талдықорға қаласы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мадияр Нұрахметов. Көрерменіміздің мәселесін жақын арада шешіп бересіздер деп сенеміз. Біз де бұл мәселені өз бақылауымызға аламыз. Сұхбатыңызға рақмет! Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

Ғ. Өтемісов