Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекет басшысына қазақ әліпбиінің латын қаріпіне көшу жобасы ұсынылды

AstanaTV
09.10.2017ж. 20:00
3415
Мемлекет басшысына қазақ әліпбиінің латын қаріпіне көшу жобасы ұсынылды

Бүгін Мемлекет басшысына қазақ әліпбиінің латын қаріпіне көшудің жаңа жобасы ұсынылды. Мемлекет басшысына латын әріптері түріндегі қазақ әліпбиінің қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстарды ескере отырып әзірленген бірыңғай стандартты жобасы таныстырылды. Елбасы мемлекеттік тілдің латын қаріпіне көшу жобасының жұмыс тобымен кездесіп, аталмыш жобаның әрбір әрпіне назар аударды. Президент, латын қарпіне көшу процесі тарихи маңызға ие екенін жеткізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

Әлемнің бірде-бір мемлекеті өзінің әліпбиін енгізуде барлық халықпен ақылдасқан жоқ біз сияқты. Талқылауға барлық өңірлер, қоғамының барлық топ өкілдері қатынасты. Президент әкімшілігіне 300-ден астам, үндеу мен ұсыныстар келіп түсті елден.

Қатысушылардың есебі мен пікірлерімен танысқан мемлекет басшысы ерекше назар аударатын сұрақтарға жеке-жеке тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қабылдайын, шешейін деген нәрсеміз - бұл үлкен тарихи шешім. Тілсіз ел болмайды. Мемлекет болмайды өзінің тілісіз. Сондықтан өзіміздің мәңгілік тілімізді жасау - біздің пешенемізге жазылған зор бақыт. Ол Тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіздік болмаса, еш уақытта көшпес едік. Біз тұңғыш рет ел болып, жұрт болып, өз еркімізбен әліпбиімізді, өзіміздің фонетикамызды, қазақтың тілін қабылдап отырмыз. Бәріміз үшін үлкен жауапкершілік, үлкен бақыт.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл реформа өзге тілдердің дамуы мен азаматтардың құқықтарының бұзылмауына зиян тигізбеу керектігін баса айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңа әліпбиді білім жүйесіне енгізу үшін әдістемелік база мен мұғалімдерді кезең-кезеңмен даярлау туралы жоспарды жасап шығаруды Үкіметке тапсырды. Жиналыс соңында Президент барлық қазақстандықтарды, ғалымдар мен тіл мамандарын қазақ әліпбиінің реформасының дамуына ат салысқандары үшін алғысын айтты.