Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қостанайда 71 жастағы көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті

AstanaTV
12.02.2020ж. 20:00
2076
Қостанайда 71 жастағы көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті

Қарт жүргізушіден қатер төнді. Қостанайда 71 жастағы көлік тізгіндеуші жаяу жүргіншілер жолағында адамдарды қағып кетті. Зардап шеккен ана мен бала, қазір ауруханада ауыр халде жатыр. "Мерседес" мінген жүргізушіден 40 жастағы келіншек пен оның қызы жапа шекті. Олар жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан. Полиция жол көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Көлікті тізгіндеген 1949 жылғы азамат. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға Қостанай қаласындағы Қобыланды көшесінде болған. Жүргізуші ішімдік ішпеген.

Оқиға күндізгі сағат 3-терде болған. 9 жастағы бала ауыр жарақат алған. Оның анасы да жансақтау бөліміне жеткізіліпті. Дәрігерлер екеуінің де жағдайы өте ауыр,- дейді.

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Реанимациялық шаралар жасалды.Қазіргі таңда қыз бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде.Жағдайы мүшкіл.Ал оның анасының жанын алып қалуға қалалық аурухана  дәрігерлері барын салып жатыр.Жағдайы өте ауыр.Жасанды тыныс беру аппаратымен жатыр.

З. Санай