Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мыңға жуық тұрғыны бар Амангелді ауылының тұрғындары ауыз суға мұқтаж

AstanaTV
13.02.2020ж. 20:00
3160
Мыңға жуық тұрғыны бар Амангелді ауылының тұрғындары ауыз суға мұқтаж

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Амангелді ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Редакциямызға хабарласқан олар жиырма жылдан бері құдықтан лас су ішіп жүргендерін айтты. Тіпті қыста қар еріндісі мен жаңбыр суын пайдаланамыз деп отыр. Шалғайда шалшық сумен күнелткен жұрт әкімдікке де барған. Ал жауапты шенеуніктер жыл сайын құрғақ уәдемен шектелетінін айтты.

Феруза ӘБДІҚАДЫРОВА, АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл проблеманы пенсионерлер де, ветерандар да талай көтерді.  Совет Одағынан бері ескі колодецтен бері су болмаған. Сол кезде ғана ішкен, одан кейін су көрмеген ауыл тұрғындары.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселе бойынша Түркістан облысы Келес ауданының әкімдігімен қазір хабарласып көрейік. Бізбен байлынасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділхан Кенегесов бар екен. Әділхан мырза, қайырлы кеш! Амангелді ауылына қалай су тартылмаған?

Әділхан КЕНЕГЕСОВ, КЕЛЕС АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол жайлы хабарымыз бар. 2019 жылы құжаттарды реттеп, бюджеттен қаржы бөлу үшін өтінім жібердік. 416 миллион қаражат бөлінді. Алдағы март, апрель айларында конкурс жариялаймыз. Содан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Қашан енді су бересіздер? Неліктен қаражат енді ғана бөлініп жатыр?

Әділхан КЕНЕГЕСОВ, КЕЛЕС АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Келес ауданы 2018 жылы Сарыағаштан бөлінді. Әлі де сумен қамтылмаған ауылдар баршылық. Алдағы жылы 10 ауылға су тартамыз. Ол 78 пайызды құрайды. Қаражат бөлінсе, қалған елдімекендерге де су тарту жоспарда бар.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен байланыста болған Келес ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділхан Кенегесов. Мәселе шешіледі деп сенеміз. Қымбатты көрермен, сіздің де көкейкесті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, экранда көрсетілген нөмір арқылы хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

Ғ.Өтемісов