Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

5 ай бұрын әйелін өртеп жіберді деген күдіктіге қатысы сот отырысы өтті

AstanaTV
02.03.2020ж. 20:00
2509
5 ай бұрын әйелін өртеп жіберді деген күдіктіге қатысы сот отырысы өтті

Елордада 5 ай бұрын әйелін өртеп жіберді деген күдіктіге қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы ауданаралық сотында тың ақпараттар жария болды. Сот отырысынан оралған әріптесім жалғастырады.

Бұл оқиға былтыр қара күзде талайдың жағасын ұстатқан еді. 6 қазан күні әйелін айдалаға апарып, үстіне бензин құйып өртеген.  Марқұмның анасы Дәмегүл Қашағанова күйеу баласын ешақашан кешірмейтінін айтты. Ол қатаң жаза қолданылсын деді.

Дәмегүл ҚАШАҒАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Денесін жудық ғой үйге апарып, осыншама дәрежеде күйдіріп, өртеп жібергенін көріп, шыдай алмайсың. Сол үшін қатаң жаза берсін соны талап етемін!

Анасының айтуынша отбасынан ұрыс-керіс арылмаған. Қанішер әйелін бұған дейін де қорқытқан көрінеді. Сот залында көз жасына ерік берген марқұмның інісі де жездесіне сенім арқанына өкініш білдірді.

Батырхан ОРАЗБЕКОВ, КУӘГЕР:

Татуласқандай болған ғой. 2-3 күн татуласып жүрді. Бала-шағамды асыраймын, жақсы жаққа өзгеремін деп жүріп осындай әрекетке барып отыр.

Сот залында күдіктінің бұған дейін де істі болғаны айтылды. Алайда айыпталушы мұны жоққа шығарып отыр. Жәбірленушілердің айтуынша күйеу балалары тергеу кезінде психикалық ауруға шалдықты деген анықтама тапсырып үлгерген. Олар бұл әрекетті құйтырқылық арқалы жазадан құтылу деп бағалайды. Оның психикалық ауруы жоқ екенін дәлелдейтін анықтама барын алға тартты.

Асқар ОРАЗБЕКОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Мен әлі де байқап қалдым оны. Байқамағанда 5 айлық психкөрсеткіш деп іске қосып жіберетін еді оны. Ол кезде доказать ете алмайтын едік.
- Қазір тергеу ісіне енгізілген жоқ ғой ия?
- Ия міне қағаз тұрғой. Мына жерде ешқандай жерге тіркелмеген ол.


Күдікті өз айыбын мойындап отыр. Ал оған қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз. Сот үзіліс жариялады.

 Ғ. Өтемісов