Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Астана" спорт клубының экс-директоры пара алғаны үшін қамауға алынды

AstanaTV
03.03.2020ж. 20:00
2218
"Астана" спорт клубының экс-директоры пара алғаны үшін қамауға алынды

"Ұрлық - түбі қорлық". «Астана» спорт клубының бұрынғы басшысы Аманбек Құлшықов қамауға алынды. Ол сыбайластарымен бірге «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамының спортты дамытуға бөлген қаражатын жымқырды деген күдікке ілікті. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаменті басшысы Сергей Перов мәлімдеді. Агенттік өкілі жемқорлар арам пиғылын шетелдік компаниялармен келісім-шарттарға отырып, жалған құжатқа қол қою арқылы жүзеге асырғандарын айтты.  Ал шығын көлемі 2 миллиард теңгені құрайды. Қазір Аманбек Құлшықов пен «Astana Pro Team» велокомандасының басшысы Ләззат Шәмшиева тергеу изоляторында отыр. Ал, парақорлыққа қатысы бар «Astana Motorsport» басшысы Артур Ардавичуске халықаралық іздеу жарияланған.

Сергей ПЕРОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІНІҢ ЕКІНШІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ:

Демеушілер жыл сайын 200 велосипедті тегін беріп отырған. Ол велосипедтердің барлығы халықаралық стандартқа сай. 2018 жылы тағы құны 219 мың еуро болатын алты велосипед берілген. Бірақ іс жүзінде бұл велосипедтер қолданылмаған болып шықты. Қаражаттың барлығы жемқорлардың қалтасында кеткен.

Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ісіне бел шеше кіріскен сияқты. Олар Аграрлық несие корпорациясынан да ілік тауыпты. Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев пара алды деген күдік бар. Ол 5,3 миллиард теңгені заңсыз депозитке салған. Агенттік өкілі парақор оңай олжаға кенелуді әдетке айналдырған деп отыр. Қазір аталған іске өзге тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын жеткізді.

Ғ. Өтемісов