Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде дүкеншіні жауыздықпен өлтірген екі қасқойге үкім шықты

AstanaTV
06.03.2020ж. 20:00
3261
Ақтөбеде дүкеншіні жауыздықпен өлтірген екі қасқойге үкім шықты

Ақтөбеде дүкеншіні отыз жерден пышақтан жауыздықпен өлтірген нашақорларға үкім шықты. Сот, жасаған қылмыстарының ауырлығына орай Марат Жүсіповті 20 жылға, ал Александр Каневті 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл екі жігіт жеті ай бұрын Бадамша ауылындағы дүкенге шабуыл жасаған еді. Дүкенші Феруза Пірманованы отыз жерден пышақтап, жауыздықпен өлтірген. Марқұмның алтындарын шешіп алып, кассадағы 150 мың теңгені алып кетті. Қаскөйлерге бүгін соңғы сөз берілді. Алайда олар жақ ашпады. Белгілі болғандай, Марат Жүсіпов бұған дейінде істі болған екен.

Қиятбек МЫРЗАБЕКОВ,  АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Жүсіповке тағайындалған жазаны жиынтықтай келе түбегейлі 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қауіпсіздігі ең жоғары түзету мекемесінде өтесін.

Оның сыбайласы Александр Каневта 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бұлар түзету мекемесінде нашақорлық пен маскүнемдіктен мәжбүрлі емделетін болады. Бірақ марқұм болған Феруза Пірманованың жақындарының үкімге көңілі толмай отыр.

Тілекстес ПІРМАНОВ, МАРҚҰМНЫҢ ЖОЛДАСЫ:

 
Негізі өмір бойыға жіберу керек еді. Ең строгий наказание сол болар еді. Басқа айтарым жоқ.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы жарыссөз кезінде Марат Жүсіповке өмір бойына, ал Александр Каневке 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Жәбірленуші тарап апелляцияға жүгіне ме, жоқ па әзірге белгісіз. Сотталушылар  марқұмның отбасына 9 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі тиіс.

Б. Рахметова