Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында, елордалық ардагерлерге құрмет көрсетіледі

AstanaTV
11.03.2020ж. 20:00
2156
Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында, елордалық ардагерлерге құрмет көрсетіледі

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында елордалық ардагерлерге құрмет көрсетіледі. "Nur Otan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" әлеуметтік қайрымдылық жобасы аясында 12 майдангердің үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл шараға политехникалық колледждің ерікті жастары тартылған.  Қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда екінші дүниежүзілік соғыстың 46 ардагері бар. Солардың бірі - Раиса Максименко. Ол 3 бөлмелі пәтерде немересімен тұрады. Көмек қолын созып жатқан партиялықтарға 97 жасты алқымдаған қарттың айтар алғысы шексіз.

Раиса МАКСИМЕНКО, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Жігіттер жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Олар маған жұмыс сізге кедергі келтіруі мүмкін, сондықтан басқа жерге барып уақытша тұруымды сұрады. Мен бірден бас тарттым. 97 жастағы адамның жүріп-тұруы қиын екенін өздеріңізде білесіздер ғой. Осындай игі шараға ұйытқы болған барлық жанға рақмет айтамын.
  
Ерлан КАНАЛИМОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Құрылыс материалдарына демеушілеріміз бар, өзіміздің. Сол 4 бригада жұмыс істеп осы 12 үйді 1 айдың ішінде толығымен жөндеу жүргізілетін болады. Көбінесе, бұрынғы үйлер ғой содан бері жөндеуден өтпеген. Сондықтан, жағдайы жоқ, жалғысбасты тұрып жатқандар бар бұрыннан жөндеуі жоқ үйлерді таңдап алдық. 

А. Данияр